Қоғам

Аймағамбетов мектептерге салынатын айыппұл жайлы: кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті

© Sputnik / Санат ИмангалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2024
Жазылу
Депутаттың айтуынша, егер мектеп үш ауысымды болса, бұл директордың кінәсі емес
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептер мен ауруханаларға салынатын әділетсіз айыппұлдар туралы пікір білдірді.
"Мектеп, аурухана, балабақша, колледж сияқты бюджеттік мекемелердің директорларына жүз мыңдаған айыппұл салу проблемасы ушығып барады. Кейін сол 500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Оның пкірінше, директорларды мектептің үш ауысымды болғаны немесе құрал-жабдықтары мен зертханалары жеткілікті деңгейде болмағаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүрлеу – әділетсіз.
"Өйткені егер мектеп үш ауысымды болса, бұл директордың кінәсы емес, әкімшіліктің кемшілігі. Бұған қоса, мемлекет тарапынан мектептердің жеткіліксіз қаржыландырылуы да осы мәселелерге әкеледі", - дейді Аймағамбетов.
Депутат құзыретіне жатпайтын, яғни тікелей әсер ете алмайтын мәселелер үшін айыппұл салуды тоқтату қажет деп санайды.
Сондай-ақ ол дәрігерлерді өз мамандығынан тыс жұмыстарға тартқаны, қажетсіз есептерді талап еткені үшін жауаптылыққа тарту құзыретін полициядан алып, денсаулық сақтау министрлігінің комитетіне беруді ұсынды.
Айтуынша, депутаттар тиісті түзетулерді берген.
Школа-гимназия города Каскелен - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2024
Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады
Жаңалықтар
0