Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады

© Sputnik/Ертай СарбасовШкола-гимназия города Каскелен
Школа-гимназия города Каскелен - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2024
Жазылу
Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған қордың қызметі үш ауысымды, апатты мектептер мен оқушы орнының жетіспеушілігін жоюға бағытталған
АСТАНА, 16 сәуір - Sputnik. Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
"Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Оның ішінде 37 мектеп іске қосылды. Білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде өңірлерде 48 мың жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. Көпшілігі ірі мегаполистерде және оларға жақын агломерацияларда орналасқан", - делінген хабарламада.
Қор Қазақстанның білім беру саласындағы жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған қордың қызметі мектептер, оларға қосымша құрылыс нысандарын, интернаттар салу, реконструкциялау арқылы үш ауысымды, апатты мектептер мен оқушы орнының жетіспеушілігін жоюға бағытталған. Осы жылы 28 мың оқушы орнына арналған тағы 25 мектепті іске қосу жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен шамамен 15 мың орындық тағы 20 жаңа мектеп салынатыны белгілі болды. Олар пайдалануға 2025 жылы беріледі деп жоспарланған.
Қаскелеңдегі Пушкин атындағы орта мектеп бір де бір рет күрделі жөндеу көрмеген - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2024
"Әжетхана қалдығын тазалаймыз": Қаскелеңде 60 жыл бойы жөндеу көрмеген мектеп бар
Жаңалықтар
0