https://sputnik.kz/20240419/bolashaq-stipendiyasy-quzhat-qabyldau-qashan-bastalady-43783557.html
"Болашақ" стипендиясы мен ғылыми тағылымдамаға құжат қабылдау қашан басталады
"Болашақ" стипендиясы мен ғылыми тағылымдамаға құжат қабылдау қашан басталады
Sputnik Қазақстан
Бағдарлама бойынша оқу үшін 555 стипендия бөлінді, құжаттар 25 қазанға дейін қабылданады
2024-04-19T17:55+0500
2024-04-19T17:55+0500
2024-04-19T17:55+0500
білім
"болашақ" стипендиясы
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15435158_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_97730690434522a2f3db6535770827d6.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Биыл "Болашақ" халықаралық стипендиясына және "500 ғалым" ғылыми тағылымдамасына құжат қабылдау 29 сәуірде басталады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.Осы жылы құжат қабылдау алғаш рет үздіксіз – 25 қазанға дейін жүргізіледі. Конкурстық іріктеу 2024 жылғы 10 мамырдан 30 қарашаға дейін өтеді."Болашақ" стипендиясына құжаттар egov.kz порталы арқылы қабылданады. Ал "500 ғалым" бойынша өтінім қабылдау және конкурстық іріктеу алғаш рет bolashak.gov.kz. порталында "Үміткердің жеке кабинеті" бөлімінде онлайн жүргізіледі. Шетелде кадр даярлау кезінде басымдық инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға беріледі.Басым мамандықтар тізбесі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімдері, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиялары мен жоспарлары бойынша қалыптастырылды. Үміткерлер су қауіпсіздігі және су бұру, агроорман шаруашылығы, құрылыс, АӨК, жасанды интеллект, молекулалық генетика және тағы басқа өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өте алады."Болашақ" стипендиясы бойынша квоталық санаттар қарастырылған. Олар инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық мамандар және ауылдық жерлерден кандидаттар. Квоталық санаттағы үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады, сондай-ақ құжат тапсыру кезінде шетелдік жоғары оқу орнына өз бетінше түсудің қажеті жоқ. Олар стипендия тағайындалғаннан кейін оқу орнын таңдай алады.Академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқу материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар өтеледі, сондай-ақ ай сайынғы стипендия төленеді, деп атап өтті министрлік.
https://sputnik.kz/20240412/memlekettik-organdar-barlyq-iste-sapaly-gylymi-qorytyndyga-suyenui-kerek--prezident-43627880.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15435158_488:0:3219:2048_1920x0_80_0_0_eb040f9fbd71f263dcec0e488a7c62e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
болашақ стипендиясы құжат қабылдау
болашақ стипендиясы құжат қабылдау
"Болашақ" стипендиясы мен ғылыми тағылымдамаға құжат қабылдау қашан басталады
Бағдарлама бойынша оқу үшін 555 стипендия бөлінді, құжаттар 25 қазанға дейін қабылданады
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Биыл "Болашақ" халықаралық стипендиясына және "500 ғалым" ғылыми тағылымдамасына құжат қабылдау 29 сәуірде басталады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Осы жылы құжат қабылдау алғаш рет үздіксіз – 25 қазанға дейін жүргізіледі. Конкурстық іріктеу 2024 жылғы 10 мамырдан 30 қарашаға дейін өтеді.
"Болашақ" стипендиясына құжаттар
egov.kz порталы арқылы қабылданады. Ал "500 ғалым" бойынша өтінім қабылдау және конкурстық іріктеу алғаш рет
bolashak.gov.kz. порталында "Үміткердің жеке кабинеті" бөлімінде онлайн жүргізіледі. Шетелде кадр даярлау кезінде басымдық инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға беріледі.
"2024 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша – 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді", - делінген хабарламада.
Басым мамандықтар тізбесі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімдері, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиялары мен жоспарлары бойынша қалыптастырылды. Үміткерлер су қауіпсіздігі және су бұру, агроорман шаруашылығы, құрылыс, АӨК, жасанды интеллект, молекулалық генетика және тағы басқа өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өте алады.
"Болашақ" стипендиясы бойынша квоталық санаттар қарастырылған. Олар инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық мамандар және ауылдық жерлерден кандидаттар. Квоталық санаттағы үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады, сондай-ақ құжат тапсыру кезінде шетелдік жоғары оқу орнына өз бетінше түсудің қажеті жоқ. Олар стипендия тағайындалғаннан кейін оқу орнын таңдай алады.
Академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқу материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар өтеледі, сондай-ақ ай сайынғы стипендия төленеді, деп атап өтті министрлік.