https://sputnik.kz/20240412/memlekettik-organdar-barlyq-iste-sapaly-gylymi-qorytyndyga-suyenui-kerek--prezident-43627880.html
Мемлекеттік органдар барлық істе сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек – президент
Мемлекеттік органдар барлық істе сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек – президент
Sputnik Қазақстан
Тоқаевтың тапсырмасымен Алматы аумағына арнайы зерттеу жүргізіледі 12.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-12T13:27+0500
2024-04-12T13:27+0500
2024-04-12T13:27+0500
қоғам
ғылым
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0c/43626415_0:37:1280:757_1920x0_80_0_0_29defb9540a0fa6d1a6aef0946cc8c03.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау, климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін барынша пайдалану маңызды екенін мәлімдеді.Ол ғылымды мемлекет дамуының өзекті мәселелерінен бөле-жара қарастыруға болмайтынын атап өтті. Ғылымды ел мен қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану қажет.Айтуынша, апатты ғылыми тұрғыдан болжау, оның ықтималдығы мен әсерінің ауқымын дер кезінде бағалау өте маңызды. Су тасқыны, орман өрті және Алматыдағы жер сілкінісі осыны айқын аңғартты.Президент төтенше жағдайдың алдын алу ісінде айтарлықтай олқылықтар бар екенін жасырмады. Айтуынша, бұл – жылдар бойы шешімін таппаған мәселелер. Ең алдымен – білікті мамандардың тапшылығы. Тиісті ғылыми қорытынды сапалы жасалмайды."Тағы да қайталап айтқым келеді, мемлекеттік органдар барлық істе, ең алдымен, сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Шешімдер әбден пысықталып, нақты негізделіп барып, қабылдануға тиіс. Талдау жүргізіп, ахуалды болжау үшін ғалымдардың қолында, зерттеу орталықтарында қажетті құрал-жабдықтар болуға тиіс", - дейді мемлекет басшысы.Алматы аумағына арнайы зерттеу жүргізіледіТоқаевтың тапсырмасымен Алматы аумағына арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі. Әкімдік үш жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөледі."Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес. Үкіметке осы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырдым. Сондай-ақ сейсмологияны және сейсмикалық режимді бақылау құралдарын дамыту бойынша пайдалы ұсыныстар әзірленуге тиіс", - деді президент.Сондай-ақ Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықтау тапсырылды."Энергетикалық апатты, эпидемияны, қуаңшылықты болжау және оның алдын алу мәселесі аса маңызды. Жауапты министрліктер тиісті саланы, ал әкімдіктер аймақтарды дамыту бағдарламаларын қайта қарауы керек. Әсіресе, төтенше жағдай туындау қаупі бар-жоғын мұқият зерттеу қажет. Бұл жұмысқа ғылыми қауымдастықты жұмылдырған жөн. Яғни гидрология, климатология, география, инженерия және өзге де сала мамандарын тарту қажет", - деп санайды Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0c/43626415_112:0:1169:793_1920x0_80_0_0_1fdfa0852bf6ce847bc75b7985ffad21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғылым, қасым-жомарт тоқаев
ғылым, қасым-жомарт тоқаев
Мемлекеттік органдар барлық істе сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек – президент
Тоқаевтың тапсырмасымен Алматы аумағына арнайы зерттеу жүргізіледі
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау, климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін барынша пайдалану маңызды екенін мәлімдеді.
Ол ғылымды мемлекет дамуының өзекті мәселелерінен бөле-жара қарастыруға болмайтынын атап өтті. Ғылымды ел мен қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану қажет.
"Ғылым дерексіз, яғни абстрактілі емес, нақты қолданбалы, күнделікті өмірде пайдасы мол сала болуға тиіс. Ғылыми негізсіз жасалған шаруаның салдары ауыр болуы мүмкін. Мұны өмірдің өзі дәлелдеп отыр", - дейді Тоқаев Ақордада өтіп жатқан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында.
Айтуынша, апатты ғылыми тұрғыдан болжау, оның ықтималдығы мен әсерінің ауқымын дер кезінде бағалау өте маңызды. Су тасқыны, орман өрті және Алматыдағы жер сілкінісі осыны айқын аңғартты.
Президент төтенше жағдайдың алдын алу ісінде айтарлықтай олқылықтар бар екенін жасырмады. Айтуынша, бұл – жылдар бойы шешімін таппаған мәселелер. Ең алдымен – білікті мамандардың тапшылығы. Тиісті ғылыми қорытынды сапалы жасалмайды.
"Тағы да қайталап айтқым келеді, мемлекеттік органдар барлық істе, ең алдымен, сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Шешімдер әбден пысықталып, нақты негізделіп барып, қабылдануға тиіс. Талдау жүргізіп, ахуалды болжау үшін ғалымдардың қолында, зерттеу орталықтарында қажетті құрал-жабдықтар болуға тиіс", - дейді мемлекет басшысы.
Алматы аумағына арнайы зерттеу жүргізіледі
Тоқаевтың тапсырмасымен Алматы аумағына арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі. Әкімдік үш жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөледі.
"Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес. Үкіметке осы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырдым. Сондай-ақ сейсмологияны және сейсмикалық режимді бақылау құралдарын дамыту бойынша пайдалы ұсыныстар әзірленуге тиіс", - деді президент.
Сондай-ақ Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықтау тапсырылды.
"Энергетикалық апатты, эпидемияны, қуаңшылықты болжау және оның алдын алу мәселесі аса маңызды. Жауапты министрліктер тиісті саланы, ал әкімдіктер аймақтарды дамыту бағдарламаларын қайта қарауы керек. Әсіресе, төтенше жағдай туындау қаупі бар-жоғын мұқият зерттеу қажет. Бұл жұмысқа ғылыми қауымдастықты жұмылдырған жөн. Яғни гидрология, климатология, география, инженерия және өзге де сала мамандарын тарту қажет", - деп санайды Тоқаев.