Дубай әуежайын су басты: Air Astana жолаушыларды қашан елге жеткізеді

© Photo : Авиакомпания Air AstanaAirbus 321LR авиакомпании Air Astana
Airbus 321LR авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жазылу
Жолаушылар терминалға орналастырылды, оларға тамақ, сусын және жамылғы берілді
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы бір күн бұрын кешіктірілген рейстер Дубайдан қашан ұшатынын хабарлады.
"Әуежайды су басуына байланысты кейінге қалдырылған кешегі KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 17 сәуірде Дубай уақыты бойынша сағат 10.30 және 13.10-да ұшады", - делінген хабарламада.
Компания су басуы салдарынан жолдардың жабылуына байланысты жолаушылар терминалға орналастырылып, тамақпен, сусынмен және жамылатын жабдықпен қамтамасыз етілгенін айтты.
Рейстердің ұшу уақыты туралы ақпаратты әуе компаниясының сайтынан көруге болады.
Айта кетейік, бір күн бұрын, 16 сәуірде Дубайда қатты жаңбыр жауды. Жауын-шашын салдарынан әмірліктің кейбір көшелерінде қозғалыс мүмкін болмады. Көшелерді су басып, билік мемлекеттік қызметкерлерді үйден жұмыс істеуді сұрады. Мектептер онлайн оқытуға көшті.
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
"Бір бағытқа - 100 мың теңге": Air Astana Атыраудағы билет бағасына қатысты түсінік берді
Жаңалықтар
0