"Бір бағытқа - 100 мың теңге": Air Astana Атыраудағы билет бағасына қатысты түсінік берді

© Photo : Пресс-служба Air Astana Самолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жазылу
Әлеуметтік желілерде бұл бағыттардағы билет бағасының қымбаттағаны туралы скриншоттар таралып жатыр
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Air Astana Атыраудан ұшатын рейстерде эконом-кластағы орындардың басым бөлігін жолаушылар екі апта бұрын сатып алғанын хабарлады.
Әуе компаниясыАтыраудан Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларына 9 - 19 сәуір аралығында қосымша 40 рейс ұйымдастырды. Тұрақты рейстермен бірге жалпы 100-ден астам рейс орындалады.
Алайда су басқан аймақтардан ұшатын рейстерге сұраныстың өсуіне байланысты эконом-кластағы әуе билеттері тапшы. Осыған байланысты Air Astana қосымша рейстерді ұйымдастыруды жалғастыруда.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде бұл бағыттардағы билет бағасының қымбаттағаны туралы скриншоттар таралып жатыр.
"Әуе компанияcы бір жаққа 100 000 теңгеден басталатын билеттер көрсетілген скриншоттарда бизнес-класс билеттері немесе Ыстанбұл/ Франкфурт арқылы ұшатын рейстер ұсынылғанын ескеруіңізді сұрайды. Мұндай скриншоттарды жариялау компанияның беделін түсіруге бағытталған деп санайды.", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Air Astana басшылығы және қызметкерлері қосымша рейстер мен гуманитарлық көмекті тегін тасымалдауды ұйымдастырып жатыр.
Сондай-ақ, әуе компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 млрд теңге аударып, қызметкерлер арасында гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырды.
Air Astana Атыраудан немесе Қазақстанның басқа қалаларынан тікелей рейстерге эконом-класс билеттерін таппаған жолаушылардан басқа күндерді таңдауды немесе әуе компаниясының Брондау және ақпарат орталығына хабарласуды сұрайды.
Жаңалықтар
0