Су тасқыны: министрлік соңғы ақпаратты бөлісті

© AFP 2024 / EVGENIY LUKYANOVМасштабные паводки в Казахстане весной 2024 года
Масштабные паводки в Казахстане весной 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2024
Жазылу
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 708 жеке тұрғын үй, 1 609 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалып отыр
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны бойынша соңғы мәліметтерді жария етті.
Спикердің мәліметінше, өңірлерде 9,7 млн текше метрден астам еріген қар суын сорып шығарды, 2,4 млн қапшық және 1,2 млн тоннадан астам инертті материалды төседі.
"Осы сағатта 13 543 адам өз үйлеріне оралды. 7 014 адам, оның ішінде 3 144 бала эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 107 613 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды. 3 570 тұрғын үй мен 2 195 аула аумағынан судың бағыты бұрылды", – деді спикер.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 708 жеке тұрғын үй, 1 609 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалып отыр.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 34 мың адам, 4 242 техника, оның ішінде, 890 су сору құралы, 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі жұмылдырылды.
Водосброс на ГЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2024
Су министрлігі Қытай, Нидерланд және басқа да озық елдердің тәжірибесін зерттейді
Жаңалықтар
0