https://sputnik.kz/20240416/su-ministrligi-qytay-niderland-zhane-basqa-da-ozyq-elderdin-tazhiribesin-zertteydi-43687100.html
Су министрлігі Қытай, Нидерланд және басқа да озық елдердің тәжірибесін зерттейді
Су министрлігі Қытай, Нидерланд және басқа да озық елдердің тәжірибесін зерттейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 сәуір - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасына толықтырулар... 16.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-16T09:11+0500
2024-04-16T09:11+0500
2024-04-16T09:12+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_0:0:3359:1890_1920x0_80_0_0_c375a5bd30f5b0911fff59e0e32c9fdf.jpg
АСТАНА, 16 сәуір - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасына толықтырулар енгізіледі. Құжат су тасқынының алдын алу және одан келетін шығынды азайту жөніндегі кешенді іс-шаралармен толықтырылатын болады. Әзірлеу барысында осы бағыттағы озық елдердің – Қытай, Нидерланды тәжірибесі зерделенетін болады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты.Оның айтуынша, Атырау облысы бойынша "Қазсушар" филиалы мен жергілікті әкімдік Жайық өзенінен келетін тасқын суын Каспий теңізіне бағыттау үшін 14,5 шақырым қосымша канал қазып жатыр. Бұл Атырау қаласы арқылы өтетін су көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Атырау облысы бойынша "Қазсушар" филиалының 4 каналында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалуда. Атап айтқанда, Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын каналдарында суару кезеңіне жиналған су Каспийге жіберілді. Нәтижесінде Соколок каналы 2 млн текше метр, Сарыөзек каналы – 3 млн текше метр, Бақсай каналы – 7 млн текше метр және Нарын каналы – 4,5 млн текше метр су қабылдай алады.Осы уақытқа дейін Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі-1330 см, бір тәулікте ол 27 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 80% құрайды.Абай облысында Шүлбі су қоймасы 83% - ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберу жұмысы жалғасуда. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 77%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әзір Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98%-ға толы, өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда.Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасуда, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.
https://sputnik.kz/20240415/qazaqstanda-54-myn-turgyn-uy-su-astynda-qaldy--tzhm-43677694.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_b044467d4420da5e62833bb09a346016.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
АСТАНА, 16 сәуір - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасына толықтырулар енгізіледі.
Құжат су тасқынының алдын алу және одан келетін шығынды азайту жөніндегі кешенді іс-шаралармен толықтырылатын болады. Әзірлеу барысында осы бағыттағы озық елдердің – Қытай, Нидерланды тәжірибесі зерделенетін болады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты.
Оның айтуынша, Атырау облысы бойынша "Қазсушар" филиалы мен жергілікті әкімдік Жайық өзенінен келетін тасқын суын Каспий теңізіне бағыттау үшін 14,5 шақырым қосымша канал қазып жатыр. Бұл Атырау қаласы арқылы өтетін су көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Атырау облысы бойынша "Қазсушар" филиалының 4 каналында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалуда. Атап айтқанда, Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын каналдарында суару кезеңіне жиналған су Каспийге жіберілді. Нәтижесінде Соколок каналы 2 млн текше метр, Сарыөзек каналы – 3 млн текше метр, Бақсай каналы – 7 млн текше метр және Нарын каналы – 4,5 млн текше метр су қабылдай алады.
"Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ке толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Кеше тасқын суы "Альва" лиманды суару жүйесінің "Ескі грейдер" бөгетін арқылы асып кетті. "Қазсушар" мен жергілікті тұрғындардың күшімен тасқын суының бөгеттен асуы тоқтатылып, Қараөткел кентін су басу қаупі сейілді. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасуда. Екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұо, бұзылу қаупі жоқ. Су тораптары көп факторлы тексеруден өтті, нысандардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық", – деді спикер.
Осы уақытқа дейін Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі-1330 см, бір тәулікте ол 27 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 80% құрайды.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 83% - ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберу жұмысы жалғасуда. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 77%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әзір Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98%-ға толы, өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда.
Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасуда, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.