https://sputnik.kz/20240415/qazaqstanda-54-myn-turgyn-uy-su-astynda-qaldy--tzhm-43677694.html
Қазақстанда 5,4 мың тұрғын үй су астында қалды – ТЖМ
Қазақстанда 5,4 мың тұрғын үй су астында қалды – ТЖМ
Sputnik Қазақстан
Төтенше жағдайлар министрлігі республикадағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты жаңартты 15.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-15T16:02+0500
2024-04-15T16:02+0500
2024-04-15T16:02+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605533_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_0132230ae50a116c549b1f80082afd40.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазіргі уақытта 5,4 мың жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.Оның айтуынша, су тасқыны кезеңінің басынан бері 111 мыңнан астам адам құтқарылды."Қазіргі уақытта 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр", - деді ол.ТЖМ өкілі 3,5 мыңға жуық тұрғын үйден және 2 157 аула аумағынан су бұрылғанын атап өтті.Авариялық-құтқару жұмыстарына 33 334 адам және 4 066 бірлік техника, оның ішінде 835 су айдау құралдары, 275 жүзу құралдары, 11 әуе кемелері жұмылдырылды.Сондай-ақ спикер еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет ететінін еске салды: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605533_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_bae16fd84033efb546beeda3d470f776.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Қазақстанда 5,4 мың тұрғын үй су астында қалды – ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі республикадағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты жаңартты
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазіргі уақытта 5,4 мың жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.
Оның айтуынша, су тасқыны кезеңінің басынан бері 111 мыңнан астам адам құтқарылды.
"Қазіргі уақытта 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр", - деді ол.
ТЖМ өкілі 3,5 мыңға жуық тұрғын үйден және 2 157 аула аумағынан су бұрылғанын атап өтті.
"Үйлеріне 11 950 адам оралды. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала бар. 9,5 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 2,2 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді", - деді Сайпаш.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 33 334 адам және 4 066 бірлік техника, оның ішінде 835 су айдау құралдары, 275 жүзу құралдары, 11 әуе кемелері жұмылдырылды.
Сондай-ақ спикер еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет ететінін еске салды: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.