https://sputnik.kz/20240415/su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-salyqty-keyinirek-toleu-mumkindigi-beriledi-43658068.html
Су тасқынынан зардап шеккендерге салықты кейінірек төлеу мүмкіндігі беріледі
Су тасқынынан зардап шеккендерге салықты кейінірек төлеу мүмкіндігі беріледі
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ уақытында төленбеген салықтар бойынша 1 шілдеге дейін өсімпұл есептелмейді 15.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-15T10:25+0500
2024-04-15T10:25+0500
2024-04-15T10:25+0500
қоғам
су тасқыны
зардап шеккендер
салық
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_ac59841c499629deb4233f39daeddd41.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккендерге салық пен міндетті төлемдерді төлеу мерзімін 1 шілдеге дейін кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті елдің өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы бұйрық жобасын әзірледі.Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін:Сонымен қатар салық тексерістерін (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тағайындау және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеу 1 наурыздан бастап 1 шілдеге дейін тоқтатылады.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және биыл 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.Құжат 29 сәуірге дейін қоғам талқысына шығарылды.
https://sputnik.kz/20240415/su-tasqyny-bastalgaly-beri-108-mynnan-astam-adam-qutqaryldy-43656077.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_386:0:2637:1688_1920x0_80_0_0_3951ade5714dcf06a32fd7889c2f7028.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, зардап шеккендер, салық
су тасқыны, зардап шеккендер, салық
Су тасқынынан зардап шеккендерге салықты кейінірек төлеу мүмкіндігі беріледі
Сондай-ақ уақытында төленбеген салықтар бойынша 1 шілдеге дейін өсімпұл есептелмейді
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккендерге салық пен міндетті төлемдерді төлеу мерзімін 1 шілдеге дейін кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА"
порталында жарияланды.
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті елдің өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы бұйрық жобасын әзірледі.
Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін:
төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдыру;
2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдерін 1 шілдеге ауыстыру;
мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды 1 шілдеге дейін тоқтата тұру;
орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімін 1 шілдеге дейін ұзарту ұсынылды.
Сонымен қатар салық тексерістерін (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тағайындау және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеу 1 наурыздан бастап 1 шілдеге дейін тоқтатылады.
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және биыл 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Құжат 29 сәуірге дейін қоғам талқысына шығарылды.