https://sputnik.kz/20240415/su-tasqyny-bastalgaly-beri-108-mynnan-astam-adam-qutqaryldy-43656077.html
Су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам құтқарылды
Су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
126 психологтар зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсетуде 15.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-15T08:45+0500
2024-04-15T08:45+0500
2024-04-15T08:45+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605174_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_ec993a6eaeadc8aa3c7f87fb7ded72e7.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттеріне 7 444 адам, оның ішінде 3 111 бала орналасқан.9,4 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 2,1 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Бүгінгі күні авариялық-құтқару жұмыстарында 32 963 адам, 3 798 техника, оның ішінде, 764 су сору құралы, 255 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған."Жедел желі" телефонына 1 714 қоңырау түсті, 126 психологтар зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсетуде.Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 898 жеке тұрғын үй, 1 542 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 504 тұрғын үй мен 2 078 аула аумағынан су бұрылды.Спикер еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай әрекет ететінін еске салды.
https://sputnik.kz/20240414/ush-oblysta-su-tasqynynyn-ekinshi-tolqyny-qaupi-tonip-tur---qazgidromet-43653461.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605174_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_41a8c71b7adbddbef7e4ef0f19a94a4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адам құтқарылды
126 психологтар зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсетуде
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттеріне 7 444 адам, оның ішінде 3 111 бала орналасқан.
9,4 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 2,1 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Бүгінгі күні авариялық-құтқару жұмыстарында 32 963 адам, 3 798 техника, оның ішінде, 764 су сору құралы, 255 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған.
"Жедел желі" телефонына 1 714 қоңырау түсті, 126 психологтар зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсетуде.
Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 898 жеке тұрғын үй, 1 542 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 504 тұрғын үй мен 2 078 аула аумағынан су бұрылды.
"Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының елді мекендерінде халықты эвакуациялау жүргізілді. Эвакуациялау жұмыстары жалғасуда", – деді азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Спикер еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай әрекет ететінін еске салды.