Қар жауады, 30 градус ыстық болады – 3 күнге ауа райы болжамы жасалды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуТюльпаны под снегом
Тюльпаны под снегом - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2024
Жазылу
Кей өңірлерде қар жауады деп болжанып отыр
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Алдағы үш күнде, яғни 16-18 сәуірде республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлады "Қазгидромет".
Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, 16 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
Республиканың оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі, күндіз найзағай ойнайды деп болжанып отыр.
Күндіз батыста, оңтүстікте ауа температурасы 22-30 градусқа дейін жылынады, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта сынап бағанасы 15-25 градусқа дейін жоғарылайды.
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Министр су тасқыны жайлы: әкімдіктер Қазгидрометтің болжамына назар аудармады
Жаңалықтар
0