Павлодар облысында ауыр қылмыс үшін сотталған адам балабақшада жұмыс істеген

© Sputnik / Владислав ВодневДетская игровая комната, архивное фото
Детская игровая комната, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында жұмыс істегенін анықтады.
"Аудандағы балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген. Бірнеше білім беру мекемелерінде адамды соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған", - делінген хабарламада.
Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2023
Өңірлер
Ақмола облысындағы мектептерде сотталған адамдар жұмыс істеген
Жаңалықтар
0