https://sputnik.kz/20231201/aqmola-oblysyndagy-mektepterde-sottalgan-adamdar-zhumys-istegen-40566138.html
Ақмола облысындағы мектептерде сотталған адамдар жұмыс істеген
Ақмола облысындағы мектептерде сотталған адамдар жұмыс істеген
Sputnik Қазақстан
Ауылдағы мектептің жертөлесінде жауынгерлік қарумен оқу атыстары жүргізілген 01.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-01T14:36+0500
2023-12-01T14:36+0500
2023-12-01T14:36+0500
өңірлер
ақмола облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/14/40299127_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_e01530b23410dab035b0596b238a8a8a.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының прокуратурасы өңірдегі мектептерге кешенді тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеріс басталғаннан бері санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, қауіпсіздік, құрылыс және басқа да салаларда 200-ден астам заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Облыс прокуратурасының ақпаратынша, мектептерге денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылған тұлғалар жұмысқа орналастырылған.Ауыл мектептерінің бірінің жертөлесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жауынгерлік қарумен оқу атыстары жүргізілген.Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына буллинг жасағаны анықталды, оны бастаған балалар есепке алынды.Бұдан бөлек 40 мектепте мұғалімдер біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.Бірнеше мектепте жалған қызметкерлерге жалақы төленіп келген. Мысалы, қалалық мектептердің біріне директор орынбасарының туысы ресми түрде жұмысқа тұрғызылған, бірақ ай сайынғы еңбекақыны директордың орынбасары өзі алып отырған."Бүгінгі таңда білім беру саласында қадағалау актілері бойынша 41 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жымқыру, құжаттарды қолдан жасау және басқа да фактілер бойынша 19 сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді облыс прокуратурасындағылар.Тексеріс жалғасуда.
https://sputnik.kz/20231005/mektepterde-bullingke-birzhola-tosqauyl-qoyu-qazhet--toqaev-39072691.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/14/40299127_114:0:1934:1365_1920x0_80_0_0_b46791cc729931f6164ea84c109e57c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, мектеп
Ақмола облысындағы мектептерде сотталған адамдар жұмыс істеген
Ауылдағы мектептің жертөлесінде жауынгерлік қарумен оқу атыстары жүргізілген
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының прокуратурасы өңірдегі мектептерге кешенді тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеріс басталғаннан бері санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, қауіпсіздік, құрылыс және басқа да салаларда 200-ден астам заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Облыс прокуратурасының ақпаратынша, мектептерге денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылған тұлғалар жұмысқа орналастырылған.
Ауыл мектептерінің бірінің жертөлесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жауынгерлік қарумен оқу атыстары жүргізілген.
Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына буллинг жасағаны анықталды, оны бастаған балалар есепке алынды.
Бұдан бөлек 40 мектепте мұғалімдер біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.
Бірнеше мектепте жалған қызметкерлерге жалақы төленіп келген. Мысалы, қалалық мектептердің біріне директор орынбасарының туысы ресми түрде жұмысқа тұрғызылған, бірақ ай сайынғы еңбекақыны директордың орынбасары өзі алып отырған.
"Бүгінгі таңда білім беру саласында қадағалау актілері бойынша 41 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жымқыру, құжаттарды қолдан жасау және басқа да фактілер бойынша 19 сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді облыс прокуратурасындағылар.