Алматыда соғыс ардагерілеріне 2 миллион теңгеден төленеді

© PhotoВетераны войны
Ветераны войны - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден төленеді, деп хабаралайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына орай ардагерлерге біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.
"Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады", - деді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Алматы облысындағы ардагер - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2023
Алматы облысындағы соғыс ардагері: талай жыл түсіме кіріп, шошып оянатынмын
Жаңалықтар
0