https://sputnik.kz/20230507/almaty-oblysyndagy-sogys-ardageri-talay-zhyl-tusime-kirip-shoshyp-oyanatynmyn-34645788.html
Алматы облысындағы соғыс ардагері: талай жыл түсіме кіріп, шошып оянатынмын
Алматы облысындағы соғыс ардагері: талай жыл түсіме кіріп, шошып оянатынмын
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 07.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-07T13:37+0500
2023-05-07T13:37+0500
2023-05-07T13:37+0500
алматы облысы
ардагер
https://sputnik.kz/img/07e7/05/07/34645440_0:0:1659:933_1920x0_80_0_0_44dda3df27f5ea214287a63c41845525.jpg
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Ұзынағаш ауылындағы жалғыз ҰОС ардагері Федор Емельянович Ковалевтің жасы жүзге таяды. Ол қазір баласының қолында тұрады. Мұнтаздай киім, кеуде толған ордені бар жылыжүзді қарт бізді аса бір қонақжайлылықпен қарсы алды. Талай қиындықты көзбен көрген қарияның жанарынан қажығандықты көрмейсің, керісінше мейірімге толы. Ұлы Отан соғысы басталған жылы Федор Емельянович 14 жаста болған. Он шақырым қашықтықтағы мектепке жаяу қатынауға мүмкіндігі болмаған. Мектепті тастап, үйдегі бір ұл болғандықтан, жалғызбасты анасын бағу үшін қара жұмыспен айналысқан. "Колхозда жұмыс істедім. Ауылдағы жастар фабрика-завод оқу өндірісінде жұмыс істеуге міндеттелді. Жасөспірімдердің көбі шыдамайтын, жұмыс өте ауыр. Ал қашып кеткендерді соттайтын. Өйткені соғыс жылдары жұмыс күші өте тапшы. Жасы 11-12-ге толған балалардың бәрін жұмысқа жегетін. Өйтпеске амал жоқ, тылда жұмысқа жарамды ер адамдар қалмады", - дейді ардагер Sputnik Қазақстан тілшісіне.Федор Ковалев 1927 жылы Беларус жерінде өмірге келіп, 1944 жылы 17 жасында әскер қатарына шақыртылады. "Новосібір қаласындағы әскери бөлімде әскери борышымды өтедім. Батыстағы соғыс бітті. Аз уақыт өткенде бізді марш тобына жинады, бірақ қайда барамыз, не үшін барамыз белгісіз еді. Сөйтсек шығыста соғыс болып жатыр екен. Бізді Моңғолияға апарды, соғысқа барғанымызды сол жерде бір-ақ білдік", - дейді.Жапон соғысы Манжурия, Сахалин жерлерінде болып жатқан кез. "Бір күндік емес, бір сағаттық соғысты Құдай басқа бермесін. Мен ұзақ жыл сол күндерді түсімде көріп, шошып оянатынмын. Біздің қасымызда бірге соғысқандардан күніне кем дегенде 20 адамнан қаза табатын, бұл жараланғандарды қоспағанда", - дейді соғыс ардагері. Қарша жауған оқтың астында кімді атып, қай жерден қаңғыған оқ тиерін білу мүмкін емес, дейді Федор Емельянович. Бірге соғысқан достардың бет-бейнесі әлі күнге көз алдымда, дейді Федор Емельянович. "Қаншама досымды жоғалттым. Олар өрімдей жас еді. Әр ұрысқа кірген сайын біз бір-бірімізді соңғы рет көріп тұрғандай құшақтасып қоштасатынбыз. Өйткені 100% емес, тіпті 50% аман келуімізге кепілдік жоқ", - дейді Фёдор Емельянович. Соғыс біткен соң қытай әскери порты Артураға жібереді. 1951 жылы Федор Ковалев әскер қатарынан оралады. Соғысқа қатысқан уақыты әскери борышы деп саналмаған. 1951 жылы Фёдор Емельянович үйіне оралады. "Ерлігі үшін" және "Ұлы Отан соғысы" медальдарымен марапатталады. Ол тракторшы болып жұмыс істеді. Еңбекқор, қажырлы, тыңғылықты жанның еңбегі еленбей қалмады. Талай жауапты істе басшылық еткен. Ол Ресей жерінен Қазақстанға, Алматы облысының Ұзынағаш ауылына көшіп келеді. Өйткені Алматының жылылығы мен халқы ұнаған. Федор Емельянович бүгінде 96 жаста. Денсаулығы әлі де тың. Өздігінен жүріп-тұрады. Балаларға қиындық салмаймын, дейді ғасыр иесі. Ал денсаулықтың сыры - көп еңбектену, дейді.
https://sputnik.kz/20230507/qyzylorda-oblysynda-zherlesteri-100--zhastagy-ardagerge-kolik-syylady-34639338.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/07/34645440_0:0:1659:1245_1920x0_80_0_0_c3d46b4e9e18666cc0d076a599c65854.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, ардагер
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.
Ұзынағаш ауылындағы жалғыз ҰОС ардагері Федор Емельянович Ковалевтің жасы жүзге таяды. Ол қазір баласының қолында тұрады. Мұнтаздай киім, кеуде толған ордені бар жылыжүзді қарт бізді аса бір қонақжайлылықпен қарсы алды. Талай қиындықты көзбен көрген қарияның жанарынан қажығандықты көрмейсің, керісінше мейірімге толы.
Ұлы Отан соғысы басталған жылы Федор Емельянович 14 жаста болған. Он шақырым қашықтықтағы мектепке жаяу қатынауға мүмкіндігі болмаған. Мектепті тастап, үйдегі бір ұл болғандықтан, жалғызбасты анасын бағу үшін қара жұмыспен айналысқан.
"Колхозда жұмыс істедім. Ауылдағы жастар фабрика-завод оқу өндірісінде жұмыс істеуге міндеттелді. Жасөспірімдердің көбі шыдамайтын, жұмыс өте ауыр. Ал қашып кеткендерді соттайтын. Өйткені соғыс жылдары жұмыс күші өте тапшы. Жасы 11-12-ге толған балалардың бәрін жұмысқа жегетін. Өйтпеске амал жоқ, тылда жұмысқа жарамды ер адамдар қалмады", - дейді ардагер
Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Федор Ковалев 1927 жылы Беларус жерінде өмірге келіп, 1944 жылы 17 жасында әскер қатарына шақыртылады.
"Новосібір қаласындағы әскери бөлімде әскери борышымды өтедім. Батыстағы соғыс бітті. Аз уақыт өткенде бізді марш тобына жинады, бірақ қайда барамыз, не үшін барамыз белгісіз еді. Сөйтсек шығыста соғыс болып жатыр екен. Бізді Моңғолияға апарды, соғысқа барғанымызды сол жерде бір-ақ білдік", - дейді.
Жапон соғысы Манжурия, Сахалин жерлерінде болып жатқан кез.
"Бір күндік емес, бір сағаттық соғысты Құдай басқа бермесін. Мен ұзақ жыл сол күндерді түсімде көріп, шошып оянатынмын. Біздің қасымызда бірге соғысқандардан күніне кем дегенде 20 адамнан қаза табатын, бұл жараланғандарды қоспағанда", - дейді соғыс ардагері.
Қарша жауған оқтың астында кімді атып, қай жерден қаңғыған оқ тиерін білу мүмкін емес, дейді Федор Емельянович.
Бірге соғысқан достардың бет-бейнесі әлі күнге көз алдымда, дейді Федор Емельянович.
"Қаншама досымды жоғалттым. Олар өрімдей жас еді. Әр ұрысқа кірген сайын біз бір-бірімізді соңғы рет көріп тұрғандай құшақтасып қоштасатынбыз. Өйткені 100% емес, тіпті 50% аман келуімізге кепілдік жоқ", - дейді Фёдор Емельянович.
Соғыс біткен соң қытай әскери порты Артураға жібереді. 1951 жылы Федор Ковалев әскер қатарынан оралады. Соғысқа қатысқан уақыты әскери борышы деп саналмаған.
1951 жылы Фёдор Емельянович үйіне оралады. "Ерлігі үшін" және "Ұлы Отан соғысы" медальдарымен марапатталады. Ол тракторшы болып жұмыс істеді.
Еңбекқор, қажырлы, тыңғылықты жанның еңбегі еленбей қалмады. Талай жауапты істе басшылық еткен. Ол Ресей жерінен Қазақстанға, Алматы облысының Ұзынағаш ауылына көшіп келеді. Өйткені Алматының жылылығы мен халқы ұнаған.
Федор Емельянович бүгінде 96 жаста. Денсаулығы әлі де тың. Өздігінен жүріп-тұрады. Балаларға қиындық салмаймын, дейді ғасыр иесі.
Ал денсаулықтың сыры - көп еңбектену, дейді.