https://sputnik.kz/20240412/ukimet-zhasandy-intellektini-damytu-strategiyasyn-azirlep-zhatyr-43632978.html
Үкімет Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын әзірлеп жатыр
Үкімет Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын әзірлеп жатыр
Sputnik Қазақстан
Президент Қазақстанға жасанды интеллектіні дамытатын тиісті институттар керек екенін атап өтті 12.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-12T22:00+0500
2024-04-12T22:00+0500
2024-04-12T22:00+0500
жасанды интеллект
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0c/43630196_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_60417ba5330242cc11249d2d2b38170b.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында үкімет Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын және Цифрлық кодексті әзірлеп жатқанын айтты, деп хабарлады Ақорда.Президенттің айтуынша, елімізде жасанды интеллект қауіпсіздік жүйесі, медицина, банк қызметі, логистика, білім беру салаларына ойдағыдай енгізіліп жатыр.Сонымен қатар ол Қазақстанға жасанды интеллектіні дамытатын тиісті институттар керек екенін атап өтті."Қазір Үкімет Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын және Цифрлық кодексті әзірлеп жатыр. Бұл құжаттар аталған саладағы зерттеу жұмыстарына және әзірлемелерді іс жүзінде қолдануға жағдай жасауы керек", - деді президент.Сондай-ақ, оның айтуынша, бизнес пен жоғары оқу орындары үшін технологиялық инфрақұрылымдар мен мәліметтер базасын қолжетімді етуге тиіс. Жасанды интеллектіні адамзат игілігіне қызмет ету үшін дамыту маңызды. Сондықтан этикалық стандарттарды белгілеу, мәліметтерді қорғау және осы саладағы киберқауіптің алдын алу ісіне ерекше мән берген жөн.
https://sputnik.kz/20240201/qazaqstanda-gpt-chatynyn-balamasy-zhasalady--musin-41962118.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0c/43630196_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_0ecd62731407bb02ce914fd8d0b11f8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект, қасым-жомарт тоқаев
жасанды интеллект, қасым-жомарт тоқаев
Үкімет Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын әзірлеп жатыр
Президент Қазақстанға жасанды интеллектіні дамытатын тиісті институттар керек екенін атап өтті
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында үкімет Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын және Цифрлық кодексті әзірлеп жатқанын айтты, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің айтуынша, елімізде жасанды интеллект қауіпсіздік жүйесі, медицина, банк қызметі, логистика, білім беру салаларына ойдағыдай енгізіліп жатыр.
"Осы технологияны меңгерген мықты компаниялар да пайда болды. Соған қарамастан, жасанды интеллект индустриясын одан әрі дамыту үшін мемлекет кешенді қолдау көрсетуі керек. Мәліметтер мен технологиялық инфрақұрылым барынша қолжетімді болуы керек. Сондықтан қолайлы экожүйе қалыптастыру қажет", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар ол Қазақстанға жасанды интеллектіні дамытатын тиісті институттар керек екенін атап өтті.
"Қазір Үкімет Жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын және Цифрлық кодексті әзірлеп жатыр. Бұл құжаттар аталған саладағы зерттеу жұмыстарына және әзірлемелерді іс жүзінде қолдануға жағдай жасауы керек", - деді президент.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бизнес пен жоғары оқу орындары үшін технологиялық инфрақұрылымдар мен мәліметтер базасын қолжетімді етуге тиіс. Жасанды интеллектіні адамзат игілігіне қызмет ету үшін дамыту маңызды. Сондықтан этикалық стандарттарды белгілеу, мәліметтерді қорғау және осы саладағы киберқауіптің алдын алу ісіне ерекше мән берген жөн.