https://sputnik.kz/20240412/toqaev-bilettin-qymbattauyna-zhol-beruge-bolmaytynyn-eskertti-43637117.html
Тоқаев билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті
Тоқаев билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті
Sputnik Қазақстан
Үкімет пен әкімдіктер судан зардап шеккен адамдарға қажетті көмек беру мәселелерін тез арада шешуге тиіс 12.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-12T20:01+0500
2024-04-12T20:01+0500
2024-04-12T20:01+0500
су тасқыны
баға
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40507271_0:134:2560:1574_1920x0_80_0_0_13c306625e344f617a7e718d4ae8e693.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстап, бағаны өсірмеу қажеттігін айтты, деп хабарлады Ақорда.Сондай-ақ азаматтар үшін әуе және темір жол көліктеріне билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті.Ол жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, құқықтық және психологиялық көмек көрсету пункттерін жедел ұйымдастыру қажеттігін атап өтті."Айтпақшы, жоғалған құжаттар да проблема болады. Адамдар үйлерін асығыс тастап кетті. Құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу керек. Жағдай өте күрделі аудандарда қоғамдық штабтар орналастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін", – деп тапсырды мемлекет басшысы.Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, тәулік бойы мониторинг жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілді.Су тасқынына байланысты жұқпалы аурулардың таралып жатқаны және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат расталмады.
https://sputnik.kz/20240412/bes-aymaqta-su-tasqynynyn-ekinshi-tolqyny-boluy-mumkin--toqaev-43636462.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40507271_142:0:2418:1707_1920x0_80_0_0_39cca82521871d4409045e46268859b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, баға
Тоқаев билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті
Үкімет пен әкімдіктер судан зардап шеккен адамдарға қажетті көмек беру мәселелерін тез арада шешуге тиіс
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстап, бағаны өсірмеу қажеттігін айтты, деп хабарлады Ақорда.
Сондай-ақ азаматтар үшін әуе және темір жол көліктеріне билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті.
"Үкімет пен әкімдіктер зардап шеккен адамдарды орналастыру, оларға қажетті көмек беру мәселелерін тез арада шешуге тиіс. Қазір бұл жұмыстар атқарылып жатыр. Эвакуациялық пункттердегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстау керек", – деді президент.
Ол жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, құқықтық және психологиялық көмек көрсету пункттерін жедел ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
"Айтпақшы, жоғалған құжаттар да проблема болады. Адамдар үйлерін асығыс тастап кетті. Құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу керек. Жағдай өте күрделі аудандарда қоғамдық штабтар орналастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін", – деп тапсырды мемлекет басшысы.
Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, тәулік бойы мониторинг жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілді.
Су тасқынына байланысты жұқпалы аурулардың таралып жатқаны және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат расталмады.