https://sputnik.kz/20240412/bes-aymaqta-su-tasqynynyn-ekinshi-tolqyny-boluy-mumkin--toqaev-43636462.html
Бес аймақта су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін – Тоқаев
Бес аймақта су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент мемлекеттік материалдық резервтен арнаулы техника алуға рұқсат етілгенін айтты 12.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-12T18:57+0500
2024-04-12T18:57+0500
2024-04-12T18:57+0500
су тасқыны
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605555_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_86707e9064faad573fc5aa2610c38b9d.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында қазіргі уақытта ахуал әлі де өте күрделі екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорда.Оның айтуынша, бес аймақта, яғни Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін.Қалған алты облыста, атап айтқанда, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Абай, Павлодар, Ұлытауда жағдай тұрақтала бастаған. Мемлекет басшысы адамдарды дер кезінде қауіпсіз жерге көшіру және қарғын судан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек беру қазіргі басты міндет екеніне назар аударды.Президент өзінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік материалдық резервтен арнаулы техника және басқа да жабдықтар алуға рұқсат етілгенін айтты.Ол сондай-ақ көктемгі егіс науқанына да дайындалу керек екенін атап өтті."Су астында қалған елді мекендерде ешқандай заң бұзушылыққа жол бермеу қажет. Менің тапсырмаммен Үкімет басшысы және оның орынбасарлары қазір аймақтарда жүр. Олар жағдай тұрақталғанша барлық жұмысты үйлестіреді, елмен бірге болады", - деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20240412/ukimet-arqalyqta-su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-uy-satyp-alu-ushin-qarazhat-boldi-43634521.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605555_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_d57413c45eb2e06589d9503dcce9177f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, қасым-жомарт тоқаев
су тасқыны, қасым-жомарт тоқаев
Бес аймақта су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін – Тоқаев
Президент мемлекеттік материалдық резервтен арнаулы техника алуға рұқсат етілгенін айтты
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында қазіргі уақытта ахуал әлі де өте күрделі екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорда.
Оның айтуынша, бес аймақта, яғни Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін.
Қалған алты облыста, атап айтқанда, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Абай, Павлодар, Ұлытауда жағдай тұрақтала бастаған. Мемлекет басшысы адамдарды дер кезінде қауіпсіз жерге көшіру және қарғын судан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек беру қазіргі басты міндет екеніне назар аударды.
Президент өзінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік материалдық резервтен арнаулы техника және басқа да жабдықтар алуға рұқсат етілгенін айтты.
"Мен шығынды өтеу үшін тиімді тәсілдер қарастыру туралы нақты тапсырма бердім. Бұл мақсатқа бюджет қаражатымен қатар "Қазақстан халқына" қоры мен ірі бизнес өкілдері бөлген қаржы жұмсалады. Сондай-ақ тағы бір өте маңызды мәселе. Бұл – су басқан аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал. Жағдайды қатаң бақылауда ұстау қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол сондай-ақ көктемгі егіс науқанына да дайындалу керек екенін атап өтті.
"Су астында қалған елді мекендерде ешқандай заң бұзушылыққа жол бермеу қажет. Менің тапсырмаммен Үкімет басшысы және оның орынбасарлары қазір аймақтарда жүр. Олар жағдай тұрақталғанша барлық жұмысты үйлестіреді, елмен бірге болады", - деп түйіндеді президент.