Ақтөбеде ішімдікке салынған ана кәмелетке толмаған балаларын тастап кеткен

© Public DomainПрятки, иллюстративное фото
Прятки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2024
Жазылу
Қазіргі күні барлық балалар "Аяла" орталығына орналастырылды
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында ішімдікке салынған әйел 5-14 жас аралығындағы балаларын қараусыз қалдырған.
Қалалық прокуратура оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін оған қатысты медициналық куәландыру жүргізді.
Қазіргі күні барлық балалар "Аяла" орталығына орналастырылды, оларға педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді.
"Аталған дерек бойынша балалардың анасын ата-аналық құқығынан айыруға қатысты материалдар жинақталып жатыр. Осы бағыттағы комиссия жұмысы жалғасуда және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында", - делінген хабарламада.
Айта кетері, "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен ведомствоаралық топ құрды.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Қазақстанда жүздеген адамды ата-ана құқығынан айыруға ұсыныс жасалды - министрлік
Жаңалықтар
0