Қазақстанда жүздеген адамды ата-ана құқығынан айыруға ұсыныс жасалды - министрлік

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке алынды
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өз міндеттерін орындамайтын мыңдаған ата-ана есепке қойылды. Олардың ішінде жүздеген адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке алынды. Соның ішінде 1 057 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығына 36 920 теңгенің айыппұлы салынды. Ал 201 факті бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыруға материалдар жіберілді.
"Мысалы, Петропавлда жас ана емханаға шақырылған уақытта баласын алып келмей жүргені туралы педиатрдан хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде жас ананың ішімдік ішкені, нәрестенің шұғыл көмекке мұқтаж екені белгілі болды. Полиция баланы нәрестелер үйіне орналастырып, ал анасын нарколог дәрігердің есебіне қойды және әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деді Серікбаева бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, сот шешімімен алкоголизммен ауыратын 206 адам наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызылды. Ал қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 557 агрессор және мінез-құлыққа қойылған ерекше талаптарды орындамағаны үшін 531 құқық бұзушы қамауға алынды.
Жаңалықтар
0