https://sputnik.kz/20240408/su-basqan-aymaqtarda-auyzsuda-ishek-infektsiyasy-tarady-ministrlik-aqparatty-zhoqqa-shygardy--43520757.html
Су басқан аймақтардағы ауызсуда инфекция тарады: министрлік ақпаратты жоққа шығарды
Су басқан аймақтардағы ауызсуда инфекция тарады: министрлік ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Су тасқыны жағдайына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды 08.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-08T16:34+0500
2024-04-08T16:34+0500
2024-04-08T16:38+0500
су тасқыны
ауыз су
қауіпті ауру
https://sputnik.kz/img/168/08/1680812_0:160:3076:1890_1920x0_80_0_0_c30e09deb38da2244e9ec0d42867128b.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтардағы ауыз суда ішек инфекциялары бар деген хабарламалар таралды. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.Ведомство мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам ауыз су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізілді. Судың сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бойынша жұқпалы аурулар су ошақтарының пайда болу қаупі жоқ.
https://sputnik.kz/20240408/su-tasqyny-qulsary-qalasynda-ne-bolyp-zhatyr-43518298.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/168/08/1680812_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_918d1bd46993b427da571140d6c06b74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, ауыз су, қауіпті ауру
су тасқыны, ауыз су, қауіпті ауру
Су басқан аймақтардағы ауызсуда инфекция тарады: министрлік ақпаратты жоққа шығарды
16:34 08.04.2024 (жаңартылды: 16:38 08.04.2024) Су тасқыны жағдайына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтардағы ауыз суда ішек инфекциялары бар деген хабарламалар таралды. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Су тасқыны жағдайына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды. Су тасқыны кезеңіне тән инфекциялар бойынша жағдай тұрақты деңгейде. Барлық объектілерде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтті", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам ауыз су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізілді. Судың сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бойынша жұқпалы аурулар су ошақтарының пайда болу қаупі жоқ.