Республикалық маңызы бар 14 жол жабық тұр

© Sputnik / Павел Львов Иллюстративті фото

Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
Қазіргі таңда жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында су тасқынына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
"7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында (ұзындығы 679 км) қозғалысқа шектеу қойылды", - деп жазылған хабарламада.
8 сәуір сағат 07:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3206 метр жолды су басқан.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмыс істеп жатыр.
Архивное фото водохранилища - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2024
Министрлік еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы айтты
Жаңалықтар
0