https://sputnik.kz/20240408/astanada-bishimbaevtyn-soty-otip-zhatyr---onlayn-translyatsiya-43508038.html
Астанада Бишімбаевтың соты өтіп жатыр – онлайн трансляция
Астанада Бишімбаевтың соты өтіп жатыр – онлайн трансляция
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы басталды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы... 08.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-08T10:26+0500
2024-04-08T10:26+0500
2024-04-08T10:27+0500
қуандық бишімбаев
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43333941_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_5753fb221442443d7a996b384bafb805.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы басталды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатыр."Кінәмді мойындаймын, бірақ..."Бишімбаев марқұм Салтанатты үнемі ұрғанын мойындамай отыр. Оның айтуынша, Нүкенова парадокс пен қарама-қайшылыққа толы адам болған. Ішімдік көп ішкен, қит етсе, үйіне кетіп қалған. Бір рет түнде дәретханаға бара жатқанда орындықтың үстіне құлаған. Содан көзі көгеріп шыға келген көрінеді.Экс-министр марқұм жұбайына екі рет қана қол көтердім дейді. Соның өзінде шапалақпен ғана ұрғанын айтып отыр."Оның өліміне қатысым бар, оны мойындаймын. Екеуіміздің арамызда болған ұрыс-керіс, сол күні менің әрекеттерім болмағанда, бәлкім, ештеңе болмайтын еді. Сондықтан осыны назарға алуыңызды сұраймын. Кінәмді мойындамаймын дегенім қылмысқа қатысым жоқ деген сөз емес, аса қатыгездікпен өлтіру ойымда болмады. Соны ғана айтқым келіп тұр", - деді Бишімбаев.Сотта Бишімбаевтың туысы бейнежазбаларды жоюға тапсырма бергенін мойындады. Екеуінің хат жазысқан SMS-тері де жарияланды. Экс-министр сөйлегенде Салтанаттың анасы өзін ұстай алмай, эмоцияға ерік берді.
https://sputnik.kz/20240402/bishimbaev-isi-qylmystyn-khronologiyasy-43377578.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43333941_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ee7a21ec00048a398383e8e06269d939.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев
Астанада Бишімбаевтың соты өтіп жатыр – онлайн трансляция
10:26 08.04.2024 (жаңартылды: 10:27 08.04.2024) АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы басталды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатыр.
"Кінәмді мойындаймын, бірақ..."
Бишімбаев марқұм Салтанатты үнемі ұрғанын мойындамай отыр. Оның айтуынша, Нүкенова парадокс пен қарама-қайшылыққа толы адам болған. Ішімдік көп ішкен, қит етсе, үйіне кетіп қалған. Бір рет түнде дәретханаға бара жатқанда орындықтың үстіне құлаған. Содан көзі көгеріп шыға келген көрінеді.
Экс-министр марқұм жұбайына екі рет қана қол көтердім дейді. Соның өзінде шапалақпен ғана ұрғанын айтып отыр.
"Оның өліміне қатысым бар, оны мойындаймын. Екеуіміздің арамызда болған ұрыс-керіс, сол күні менің әрекеттерім болмағанда, бәлкім, ештеңе болмайтын еді. Сондықтан осыны назарға алуыңызды сұраймын. Кінәмді мойындамаймын дегенім қылмысқа қатысым жоқ деген сөз емес, аса қатыгездікпен өлтіру ойымда болмады. Соны ғана айтқым келіп тұр", - деді Бишімбаев.
Сотта Бишімбаевтың туысы бейнежазбаларды жоюға тапсырма бергенін
мойындады. Екеуінің хат жазысқан SMS-тері де
жарияланды. Экс-министр сөйлегенде Салтанаттың анасы өзін ұстай алмай,
эмоцияға ерік берді.