Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Жазылу
Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды
АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы ауылдардың бірінде екі бүлдіршіннің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиға 4 сәуірде болған.
"Бұқар-Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қылмыстық іс Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа ақпарат жария етілмейді.
Архивное фото женщины в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жалдамалы пәтерде екі баласын өлтірген әйелге қатысты тың деректер шықты
Жаңалықтар
0