https://sputnik.kz/20240209/zhaldamaly-paterde-eki-balasyn-oltirgen-ayelge-qatysty-tyn-derekter-shyqty-42179908.html
Жалдамалы пәтерде екі баласын өлтірген әйелге қатысты тың деректер шықты
Жалдамалы пәтерде екі баласын өлтірген әйелге қатысты тың деректер шықты
Sputnik Қазақстан
Ол туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқан 09.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-09T11:32+0500
2024-02-09T11:32+0500
2024-02-09T11:32+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/161/82/1618222_0:79:4511:2616_1920x0_80_0_0_845dce07fdf37a5323c83c6ee485baf6.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Түркістан қаласында екі баласын өлтірген әйелдің ісі бойынша тың деректер шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, келіншек балаларды өлтірейін деп жатқанын айтқан.Ол әйел жалдамалы пәтерде екі баласын тұншықтырып өлтіріп тастаған. Одан кейін қашып кеткен. Жол-жөнекей құрбысына хабарласып, балалардың қайтыс болғанын және жалдамалы пәтердің мекенжайын айтқан. Құрбысы полицияға хабар берген. Оған бірден іздеу жарияланды. Сол күні екі баласын өлтірген әйел Шымкент қаласындағы қонақ үйде ұсталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Қызылорда облыстық білім басқармасының мәліметінше, ұсталған әйел Шиелі ауданындағы №46 мектепте он жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеген. Педагогикалық қызметте бірқатар жетістікке де жеткен. Диспансерлік есепте жоқ. Ата-енесі бар, жұбайымен бірге тұрған. 7 ақпанда жұмысқа келмейген.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі (адам өлтіру, екі немесе одан көп) бойынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20240208/basty-kudikti--anasy-turkistanda-zhaldamaly-paterden-eki-balanyn-denesi-tabyldy-42145912.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/161/82/1618222_460:0:4052:2694_1920x0_80_0_0_9e71b423ca4f11c1347fa01aa338b839.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Жалдамалы пәтерде екі баласын өлтірген әйелге қатысты тың деректер шықты
Ол туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқан
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Түркістан қаласында екі баласын өлтірген әйелдің ісі бойынша тың деректер шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, келіншек балаларды өлтірейін деп жатқанын айтқан.
"Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Істі тергеумен Түркістан облыстық полиция департаменті айналысуда", - деп жазды Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол әйел жалдамалы пәтерде екі баласын тұншықтырып өлтіріп тастаған. Одан кейін қашып кеткен. Жол-жөнекей құрбысына хабарласып, балалардың қайтыс болғанын және жалдамалы пәтердің мекенжайын айтқан. Құрбысы полицияға хабар берген. Оған бірден іздеу жарияланды. Сол күні екі баласын өлтірген әйел Шымкент қаласындағы қонақ үйде ұсталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Қызылорда облыстық білім басқармасының мәліметінше, ұсталған әйел Шиелі ауданындағы №46 мектепте он жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеген. Педагогикалық қызметте бірқатар жетістікке де жеткен. Диспансерлік есепте жоқ. Ата-енесі бар, жұбайымен бірге тұрған. 7 ақпанда жұмысқа келмейген.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі (адам өлтіру, екі немесе одан көп) бойынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.