Қоғам

Елімізде 58 мыңнан астам отбасы кедейліктен құтылды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Жазылу
Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың ең көбі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тіркелген
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған 58 445 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомствоның ақпаратынша, былтыр жалпы сомасы 59,4 млрд теңгеге 114,1 мың отбасы (598,4 мың адам), 2024 жылдың үш айында 7,8 млрд теңгеге 58,8 мың отбасы (312 мың адам) атаулы әлеуметтік көмек алды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлер арасында атаулы әлеуметтік көмек алатындардың ең көп саны Түркістан облысында – 27 мың отбасы (23,7%), Шымкентте – 12,7 мың отбасы (11,2%), Алматы облысында – 9,5 мың отбасы (8,3%), Қызылорда облысында – 9,4 мың отбасы (8,2%) тіркелген.
Ең азы Ұлытау – 538 отбасы (0,5%), Атырау – 1,1 мың отбасы (0,9%), Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,6 мың отбасы (1,4%) байқалып отыр.
"АӘК алатындардың басым көпшілігі балалардың үлесіне келеді – 65,4% немесе 391,2 мың адам, жұмыс істейтін азаматтар – 15,1% немесе 90,6 мың адам; балаларды, қарттарды және мүгедектігі бар адамдарды күтетін адамдар – 12,4% немесе 74,2 мың адам; қалған 7,1%-ы азаматтардың басқа санаттарына жатады", - делінген хабарламада.
Айта кетері, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдау көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;
жұмысқа орналастыру жолымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оқуға жіберу, өз ісін ашуға ынталанған отбасыларға гранттар беру және тағы басқа.
Мысалы, Ақтөбе облысында көпбалалы отбасы былтыр күзде 400 АЕК немесе 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алып, шағын наубайхана ашқан.
"Күйеуім екеуміз 6 бала тәрбиелеп отырмыз, жұбайым "Қазпошта" АҚ-да жұмыс істейді. Біз 2018-2019, сондай-ақ 2022-2023 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алдық. Былтыр қайтарымсыз грант алғаннан кейін мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Сондай-ақ, 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз", – деді Шалқар қаласының тұрғыны Жанаргүл Нағиметова.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Жаңалықтар
0