Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Жазылу
Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан төмен болмайтын деңгейде төлеуге міндетті
АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері өсті, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ең төменгі жалақы 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өсті. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан төмен болмайтын деңгейде төлеуге міндетті, дейді ведомство.

"Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі. Бірінші кезекте ең төменгі жалақыны арттыру "жалақысы төмен" қызметкерлерге қатысты болады", - дейді министрлік.

Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.
Жаңалықтар
0