https://sputnik.kz/20240403/nukenova-meyramkhanadan-nege-ketpedi-bishimbaev-sotta-sol-kuni-bolgan-oqigany-bayandady-43392826.html
Нүкенова мейрамханадан неге кетпеді: Бишімбаев сотта сол күні болған оқиғаны баяндады
Нүкенова мейрамханадан неге кетпеді: Бишімбаев сотта сол күні болған оқиғаны баяндады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың мейрамханада өз еркімен қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 03.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-03T11:27+0500
2024-04-03T11:27+0500
2024-04-03T11:27+0500
қуандық бишімбаев
сот
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0e/40154250_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_6d2e3b42eabbc93cd7e1468d6ebbcf69.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың мейрамханада өз еркімен қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бишімбаевтың айтуынша, концерттен кейін Салтанат киім ілетін жерден алған нөмірін таба алмады. Содан пальтосын кимей, далаға шығып кетті. Ағасының үйіне кетемін деді.Экс-министр басында Салтанатты тыңдап отырдым дейді. Одан кейін ұрыс-керісті тоқтатып, татуласуға тырысқанын айтады."00:30-ға дейін біз екі шөлмек шампан іштік. Салтанат кетем деп, такси шақырды. Мен оны тоқтаттым, ойлан дедім. Төменгі қабатта тұрып, тағы бір сағаттай сөйлестік. Оның нақты шешімге келмегені байқалып тұрған. Осылайша, далаға шықтық та, сол жерде тағы бір сағаттай дауластық", - деп атап көрсетті сотталушы.Оның айтуынша, көлікке отырған соң Салтанат ұрысты жалғастырған, берген сыйлықтарыңды бұлдайсың деп айтқан."Керек болса, қайтарамын деді. Бір кезде мойнындағы алқасын жұлып алды да, біреуін қайтарып бердім деп, маған қарай лақтырды. Мен терезені аштып да, оны далаға лақтырып жібердім. Артындағы пакеттерді де ал деді, оны да лақтырып жібердім. Сол кезде екеуіміз де қызбалыққа салындық", - деді Бишімбаев.Бишімбаевтың айтуынша, артынан екеуі бір келісімге келгендей болды. Далаға лақтырып жіберген сыйлықтарды қайта көлікке салған. Әшекейді де тауып алды. Салтанат мейрамханаға қайта кірейік деді. Екеуі басқа VIP-залға барды.Бұған дейін Бишімбаев мейрамханада ұрыс-керістің неден басталғанын айтты.
https://sputnik.kz/20240401/bishimbaev-sotta-saltanatpen-qalay-tanysqanyn-aytty-43332869.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0e/40154250_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_0b605eebcc5213d0f849d87745638653.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев, сот
Нүкенова мейрамханадан неге кетпеді: Бишімбаев сотта сол күні болған оқиғаны баяндады
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың мейрамханада өз еркімен қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бишімбаевтың айтуынша, концерттен кейін Салтанат киім ілетін жерден алған нөмірін таба алмады. Содан пальтосын кимей, далаға шығып кетті. Ағасының үйіне кетемін деді.
"Қарасам, "Мәскеу" бизнес орталығына қарай кетіп бара жатыр екен. Сол жерден такси ұстап, үйге бара ма деп ойладым. Бірақ одан өтіп кетті. Гастроорталыққа бірақ тартты. Сол жаққа барып, бәрін шешейік деді. Біз VIP-залға кірдік те, бір шампанды алдырттық. Сағат 21:30-дың кезінде отырған сияқтымыз. Содан үш сағат бойы оның өкпе-назын тыңдап отырдым. Түркияға өзің кеттің деді. Одан кейін үйден қуып шыққанымды айтты. Біреулердің айтқан әңгімесін еске алды", - деді Бишімбаев.
Экс-министр басында Салтанатты тыңдап отырдым дейді. Одан кейін ұрыс-керісті тоқтатып, татуласуға тырысқанын айтады.
"00:30-ға дейін біз екі шөлмек шампан іштік. Салтанат кетем деп, такси шақырды. Мен оны тоқтаттым, ойлан дедім. Төменгі қабатта тұрып, тағы бір сағаттай сөйлестік. Оның нақты шешімге келмегені байқалып тұрған. Осылайша, далаға шықтық та, сол жерде тағы бір сағаттай дауластық", - деп атап көрсетті сотталушы.
Оның айтуынша, көлікке отырған соң Салтанат ұрысты жалғастырған, берген сыйлықтарыңды бұлдайсың деп айтқан.
"Керек болса, қайтарамын деді. Бір кезде мойнындағы алқасын жұлып алды да, біреуін қайтарып бердім деп, маған қарай лақтырды. Мен терезені аштып да, оны далаға лақтырып жібердім. Артындағы пакеттерді де ал деді, оны да лақтырып жібердім. Сол кезде екеуіміз де қызбалыққа салындық", - деді Бишімбаев.
Бишімбаевтың айтуынша, артынан екеуі бір келісімге келгендей болды. Далаға лақтырып жіберген сыйлықтарды қайта көлікке салған. Әшекейді де тауып алды. Салтанат мейрамханаға қайта кірейік деді. Екеуі басқа VIP-залға барды.
Бұған дейін Бишімбаев мейрамханада ұрыс-керістің
неден басталғанын айтты.