Бишімбаев мейрамханаға дейін ұрыс-керістің неден басталғанын айтты

© Sputnik / Санат Имангалиев В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева

В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2024
Жазылу
Сол күні Бишімбаев Салтанат екеуі ресейлік әншінің концертіне барған
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды. Сотталушы мейрамханаға дейін ұрыс-керістің неден басталғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сол күні Бишімбаев Салтанат екеуі ресейлік әншінің концертіне барған. Олармен бірге Нүкенованың құрбысы де болды.
"Шынымды айтсам, сол концертке барғым келмеді, бірақ Салтанат барайық-барайық деп болмады. Ол концертке киіп баратын киім іздеді, таппағасын көңіл-күйі түсіп кетті. Сосын дүкенге барайық дедім. Ол қуанып кетті. Түске таман үйден шығып, Талан Тауэрсқа бардық. Ол бірнеше киім сатып алды, көңіл-күйі де көтерілді. Сосын мейрамханамызға бардық, одан кейін мен өз жұмыстарымен кетіп қалдым. Екеуіміз концертте кездесеміз деп келістік", - деді Бишімбаев.
Айтуынша, Бишімбаев сол күні спортзалға барып, әдетте қолданатын дезодарантын таба алмаған. Оған Салтанат тапсырыс беріп, спорт киімдері салынған сөмкеге салып қоюға тиіс еді. Бишімбаев затты таппаған соң, Нүкеноваға хабарласып сұраған. Айтуынша, Салтанат тапсырыс беруге ұмытып кеткенін айтып, артынша соған да көңіл-күйі түсіп кеткен.
"Кешке қарай кездескенде құрбысы екеуі ішіп алған сияқты болды. Өйткені өздерімен бірге ішімдік алу керек еді деді. Біз орталық концерт залына келдік. Фойеде бір танысымды кездестірдім. Ол амандасып бетімнен сүйді. Содан басталды. Салтанат кім ол, неге сені бетіңнен сүйеді деп қайта-қайта сұрады", - деп атап көрсетті экс-министр.
Бишібаев мейрамханадан шампан алдыртып, даяшыны далада жарты сағаттай күткенін айтты. Сосын концерт залына қайта кірген.
"Шынымды айтсам, концертте қалғым келмеді. Дима Билан да ұнамайтын еді. Жұмысым да көп болды. Салтанаттың көңіл-күйі де түсіп қалды. Жарты сағаттан кейін атып тұрды да, көргің келмесе, кеттік деп, тұрды да, шығып кетті. Мен бір минуттай отырдым. Сосын артынан шығып кеттім", - деді Бишімбаев.
 Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Бишімбаев ісі: қылмыстың хронологиясы
Жаңалықтар
0