"Көріпкелге хабарластым": Бишімбаев Нүкенованың қалай қайтыс болғанын баяндады

Экс-министр нацэкономики Бишимбаев на суде отказался признать свою вину в систематических избиениях гражданской жены Салтанат Нукеновой
 Экс-министр нацэкономики Бишимбаев на суде отказался признать свою вину в систематических избиениях гражданской жены Салтанат Нукеновой - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың қалай қайтыс болғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі отырыста Бишімбаев марқұмның қалай жарақат алғанын баяндап берген. Айыпталушының сөзінше, бірінің үстінде киім болмай, екіншісінің киімі жартылғандықтан олар мейрамханадан шыға алмаған. Шарасыз күйде қалғандықтан, ашуға бой алдырдым, дейді Бишімбаев.
Айтуынша, таңғы сағат 05:30-ға қарай жиһазды қирата бастаған. Ал жарақат алған Нүкенова диванда жатқан. Бишімбаев таң атқанын көріп, жылдам үйге кету керектігін түсінеді. Сол кезде Салтанаттың беті ісіп кеткенін байқайды.
"Оның үстінде киім болған жоқ. Менің сырт киімім ғана, менің үстімде костюм ғана, жейдем жыртылған. Салтанатты сүйемелдеп, көлікке апардым. Бірақ ішкеннен кейін көлікпен шыға алмайтынымды түсіндім. Бір-екі рет бордюрге соғылғанымды көрген күзетші көлікке жақындады. Менің сырт кейпіміз үшін қатты қысылдым. Ал Салтанат қайта мейрамханаға кіріп кетті", - деді Бишімбаев.
Оның сөзінше, мейрамхананың ішінде экс-министр тағы ашуланады. Киімсіз үйге кете алмай отырғанына күйінеді. Лифттің ішінде Бишімбаев Салтанатты кінәлайды.
"Ол үндемей, күліп тұрғандай болды. Ал лифттен шыққан бойда ашуыма тиетін сөз айтты. Сол кезде мен өзімді ұстай алмадым. Жетіп бардым да, төрт рет шапалақпен қатты ұрдым. Салтанат құлады, мен санынан бірнеше рет тептім. Содан тұрмаған соң шашынан көтеріп, дәретханаға қарай сүйреп апардым. Сол жерден жуынып шығамыз деп ойладым. Одан кейін оны шаштан ұстап, VIP-залға қарай сүйредім". - деп атап көрсетті сотталушы.
Айтуынша, ішке кірген соң Салтанат диванға отырды. Ал өзі такси іздей бастаған.
"Қарасам, ол отыр. "Тұрып жиналсаңшы!" дегеннен кейін тұрды, бірақ қайтадан құлады. Бірдеңе сұрасам, үндемейді. 30-40 минуттан кейін ұйықтап кетті. Мен оны оятып көрдім, бірақ ол мас адам сияқты, көзін бір ашып, бір жұмып ұйықтап кетеді. Жауап бермеді, бірдеңе деп ыңылдады да қойды. Мен пиджакты шешім, оның аяғын жаба салдым", - дейді Бишімбаев.
Сотталушы ол Салтанат демалып, есін жинап алсын деген шешімге келіп, жанына жантайып өзінің де ұйықтап кеткенін айтты. Бишімбаев 9 қарашада 10:00-ге қарай бірақ оянған. Оның айтуынша, Салтанат қорылдап ұйықтап жатқан. Сол кезде Байжановқа хабарласып, үйге апарып тасташы деген өтінішпен мейрамаханаға шақырған. Бірақ Байжанов VIP-залға бірден кірмеген. Бишімбаевтың өтініші бойынша бірнеше жамылғыны алып келген.
"Салтанаттың қорылдаған дауысы арагідік үзіліп тұрды. Жамылғыны алып, оны денесін жапқан соң оянғандай болды. Басын да ұстай алатын жағдайда еді. Біз екі жақтан ұстап, алып жүрдік. Бірақ кейіннен Салтанат мас адам сияқты жүре алмай қалды. Мен Салтанатты қайтадан диванға апардым да, жатқыздым. Түске таман тұрсам, Салтанаттың мұрны және бір жақ беті қатты ісіп кетіпті. Мен қатты уайымдай бастадым", - деді Бишімбаев.
Экс-министр шұғыл көріпкелге хабарласқан. Жедел жәрдем шақырсам, арты дүрбелең болып кетеді деп ойладым, дейді сотталушы. Көріпкел Салтанаттың қатты шаршағанын айтып, кешке өзі оянатынын айтқан.
"Мен Байжановқа хабарласып, "Аспирин" мен "Кетонал" алып кел дедім. Салтанаттың телефонын іздей бастадық. Себебі ағасы сол арқылы Салтанаттың қайда жүргенін бақылайды. Мен тағы кикілжің шықпасын деп телефонын үйге апарып тастауды өтіндім. Сосын беті ісіп тұрған соң "Бепантен" алып келуді сұрадым", - дейді Бишімбаев.
Айтуынша, Салтанат оянбайынша мейрамханадан шыға алмайтынын түсініп, орталықты санитарлық тазалық күні деген сылтаумен жабуды тапсырған. Ал қызмет етуші персоналды таратып жіберу бұйырылды.
"Салтанатты оятып, үйге қайтпақшы болдым. Ол ояндабы. Сағат 16:00-дің кезінде Байжанов таныс дәрігерім бар деді. Ол кісі мүсәтір спиртін қолдануға кеңес берді. Соны Салтанаттың мұрнына жақындатып көрдік, бірақ ол ешбір белгі бермеді. Мұрнымен емес, аузымен дем алып жатқан", - дейді Бишімбаев.
Сол кезде Байжанов жедел жәрдемді шақыруға кеңес берді. Бірақ Бишімбаев емшінің сөзін басшылыққа алып, сәл күте тұруға шешім қабылдайды. Кешкі 18:00-дің кезінде Салтанаттың қорылдаған дауысы басылды. Айтуынша, ол енді ұйқысы қанып, оянатын шығар деп ойлаған.
"Мен Бақытжаннан тамақ алып келуді сұрадым. Сосын оны қайтарып жібердім. Залға қайта бардым да, Салтанаттың бетінен ұстадым, беті суып кеткендей көрінді. Денесі көрпенің астында болғандықтан сол қалпы сияқты болды. Қан тамырын ұстап көрдім, бірақ тамыр соғысы сезілмеді. Мен мас шығармын, сезбей тұрған шығармын деп, Байжановты қайта шақырдым. Ол да тамыр соғысы жоқ екенін айтты. Бақытжан шұғыл жедел жәрдемге хабарласты. Олар реанимациялық шаралар жасау керектігін айтты. Мен Салтанаттың аузын ашуға тырыстым, бірақ жағы қарысып қалғанын көрдім. Сол кезде оның кетіп қалғанын түсіндім. Мен пышақ алдым да, дәретханаға қарай бет алдым, өз-өзіме қол салғым келді. Артынан полиция келді...Мені ұстап алды", - дейді Бишімбаев.
Бишімбаев бейнежазбаларды жоюға тапсырма бергенін де мойындады.
"Мен қылмысты жасыру үшін емес, видео желіде тарап кетпесін деп жоюға тапсырма бердім. Себебі біздің дәлізде, далада және басқа жерде тұрғанымыз видеоға түсіп қалды. Далада сыйлықтарды лақтырғанымыз бар.Оның бәрі желіде тарап кетеді деп ойладым. Қазіргі заманда соның бәрін Telegram-арналарға сатуға болады ғой. Содан бейнежазбаны жойған дұрыс деп шештім", - дейді ол.
Здание  Гастро-центра, где была убита женщина в ресторане БАУ - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2024
Нүкенова мейрамханадан неге кетпеді: Бишімбаев сотта сол күні болған оқиғаны баяндады
Жаңалықтар
0