https://sputnik.kz/20240330/biyl-elordada-kezekte-turgandarga-33-mynnan-astam-pater-beriledi-43304559.html
Биыл елордада кезекте тұрғандарға 3,3 мыңнан астам пәтер беріледі
Биыл елордада кезекте тұрғандарға 3,3 мыңнан астам пәтер беріледі
Sputnik Қазақстан
Қалада әлеуметтік тұрғын үй кезегінде 40 878 азамат тұр 30.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-30T20:49+0500
2024-03-30T20:49+0500
2024-03-30T20:49+0500
елорда тынысы
баспана
https://sputnik.kz/img/920/43/9204334_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_5d2a35447c0ef4e3bb61efc4bfe2a18c.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. 2024 жылы Астанада кезекте тұрғандарға 3,3 мыңнан астам пәтер беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.30 наурыздағы жағдай бойынша елордада әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте 40 878 азамат тұр.Қала тұрғындары кезекте мына санаттар бойынша тұр:"2024 жылы елорданың тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 3 382 пәтер, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы, жұмыс істейтін жастар үшін кредиттік тұрғын үй, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй, "Елорда жастары" өңірлік бағдарламасы аясында беруді жоспарлап отыр", - делінген әкімдіктің ресми сайтында.Қазіргі таңда аталған пәтерлердің 1 342-сі бөлінді.Естеріңізге сала кетейік, елордада ескі үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және қала тұрғындарын жаңа баспанаға көшіру қарастырылған. 2024 жылы 60 апатты үйдің тұрғындары 1400 пәтерге көшіріледі, яғни елорданың 4200-ге жуық тұрғыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
https://sputnik.kz/20240228/9-20-19-ipotekasy-baspana-bagasyna-qalay-aser-etedi-42562168.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/920/43/9204334_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5ed736bfa6d56a7fd00c845db5b6a6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана
Биыл елордада кезекте тұрғандарға 3,3 мыңнан астам пәтер беріледі
Қалада әлеуметтік тұрғын үй кезегінде 40 878 азамат тұр
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. 2024 жылы Астанада кезекте тұрғандарға 3,3 мыңнан астам пәтер беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.
30 наурыздағы жағдай бойынша елордада әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте 40 878 азамат тұр.
Қала тұрғындары кезекте мына санаттар бойынша тұр:
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
халықтың әлеуметтік осал топтары;
мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер;
Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.
"2024 жылы елорданың тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 3 382 пәтер, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы, жұмыс істейтін жастар үшін кредиттік тұрғын үй, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй, "Елорда жастары" өңірлік бағдарламасы аясында беруді жоспарлап отыр", - делінген әкімдіктің ресми сайтында.
Қазіргі таңда аталған пәтерлердің 1 342-сі бөлінді.
Естеріңізге сала кетейік, елордада ескі үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және қала тұрғындарын жаңа баспанаға көшіру қарастырылған. 2024 жылы 60 апатты үйдің тұрғындары 1400 пәтерге көшіріледі, яғни елорданың 4200-ге жуық тұрғыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.