Өңірлер

Абай облысында жоғалып кеткен ер адам мен немересі табылды

© Photo : ҚР ТЖМ баспасөз қызметіАбай облысында жоғалып кеткен ер адам мен немересі табылды
Абай облысында жоғалып кеткен ер адам мен немересі табылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2024
Жазылу
Құтқарушылар оларды ауылдан 25 шақырым жерде тапқан
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен екі адам құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"1965 жылғы ер адам мен оның 2013 жылы туған немересі құтқарылды. Олар іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде ауылдан 25 шақырым жерде табылды", - делінген хабарламада.
Ведомство ақпаратынша, табылған адамдар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Ер адам мен қыз әскери тікұшақтың көмегімен Кендікті ауылына жеткізілді.
Девочка завязывает шнурки на ботинках - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Маңғыстау облысында жоғалған үш бала табылды
Жаңалықтар
0