Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневАнтитеррористические учения в Нур-Султане
Антитеррористические учения в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 наурыз - Sputnik. Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Оқу-жаттығу 29-30 наурызда өтеді.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада адамдар көп жиналатын объектілерде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Іс-шара шеңберінде арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің дағдылары мен тактикалық іс-қимылдарын қалалық жағдайларда пысықталады.
Еске сала кетейік, 22 наурызда Мәскеуде "Пикник" тобының концертінде белгісіз біреулер бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды. Салдарынан 143 адам қайтыс болды.
23 наурызда Тоқаев Ресейдегі лаңкестікке байланысты Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізді.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәскеу түбіндегі терактіден кейін қауіпсіздік мақсатында елімізде қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты.
Айтуынша, ІІМ террористік тұрғыдан осал нысандарға қосымша тексеріс жүргізеді. Олардың арасында аумағы 500 шаршы метрден асатын концерт залдары, сауда орталықтары, сонымен қатр білім және денсаулық сақтау нысандары, халық көп жиналатын орындар бар.
Обстановка у Крокус Сити Холл - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2024
Ресейдегі терактіден кейін Қазақстанда қандай шаралар қолға алынады
Жаңалықтар
0