https://sputnik.kz/20240328/reseydegi-teraktiden-keyin-qazaqstanda-qanday-sharalar-qolga-alynady-43251104.html
Ресейдегі терактіден кейін Қазақстанда қандай шаралар қолға алынады
Ресейдегі терактіден кейін Қазақстанда қандай шаралар қолға алынады
Sputnik Қазақстан
Құқық қорғау органдары террористік тұрғыдан осал нысандарға қосымша тексеріс жүргізеді 28.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-28T13:49+0500
2024-03-28T13:49+0500
2024-03-28T13:49+0500
теракт
мәскеу
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1b/43221406_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_b1b5cf69d1342a354ea01bb3b40c3d14.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәскеу түбіндегі терактіден кейін қауіпсіздік мақсатында елімізде қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, ІІМ террористік тұрғыдан осал нысандарға қосымша тексеріс жүргізеді. Олардың арасында аумағы 500 шаршы метрден асатын концерт залдары, сауда орталықтары, сонымен қатр білім және денсаулық сақтау нысандары, халық көп жиналатын орындар бар.Осы орайда ол биыл қаңтар айынан бастап шетелдіктер үшін міндетті дактилоскопия күшіне енгенін еске салды. Айтуынша, саусақ іздерін тапсыру арқасында жыл басынан бері елге кірмек болған 10 қылмыскер анықталған.Сондай-ақ ІІМ басшысының орынбасары қазақстандықтарға кеңес берді. Айтуынша, лаңкестер басып алған жағдайда байбаламға салынбай, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кетуге тырысу қажет.Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы "Крокус Сити холлда" бетперде киген белгісіз адамдар концерт алдында көрермендерге оқ атты.Теракт салдарынан қаза болғандар саны 140 адамнан асты.Ресей президенті Владимир Путин 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
https://sputnik.kz/20240326/reseydegi-terakt-sot-segizinshi-adamdy-qamauga-aldy-43195956.html
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1b/43221406_247:0:2976:2047_1920x0_80_0_0_2f8cb8d7f90b0eade532412ec4fc279f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теракт, мәскеу, ішкі істер министрлігі
теракт, мәскеу, ішкі істер министрлігі
Ресейдегі терактіден кейін Қазақстанда қандай шаралар қолға алынады
Құқық қорғау органдары террористік тұрғыдан осал нысандарға қосымша тексеріс жүргізеді
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәскеу түбіндегі терактіден кейін қауіпсіздік мақсатында елімізде қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, ІІМ террористік тұрғыдан осал нысандарға қосымша тексеріс жүргізеді. Олардың арасында аумағы 500 шаршы метрден асатын концерт залдары, сауда орталықтары, сонымен қатр білім және денсаулық сақтау нысандары, халық көп жиналатын орындар бар.
"Қазір біз осы нысандардың барлығына қосымша тексеріс жүргізбекшіміз. Бұрын тексерілген, ұйғарым берілген нысандарды қайта тексереміз. Меншік иелерімен әңгімелесеміз, нығайту мәселелерін қараймыз, ұсыныстар береміз. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр", - деп сендірді Лепеха сенат кулуарында.
Осы орайда ол биыл қаңтар айынан бастап шетелдіктер үшін міндетті дактилоскопия күшіне енгенін еске салды. Айтуынша, саусақ іздерін тапсыру арқасында жыл басынан бері елге кірмек болған 10 қылмыскер анықталған.
Сондай-ақ ІІМ басшысының орынбасары қазақстандықтарға кеңес берді. Айтуынша, лаңкестер басып алған жағдайда байбаламға салынбай, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кетуге тырысу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы "Крокус Сити холлда" бетперде киген белгісіз адамдар концерт алдында көрермендерге оқ атты.
Теракт салдарынан қаза болғандар саны 140 адамнан асты.
Ресей президенті Владимир Путин 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.