https://sputnik.kz/20240326/reseydegi-terakt-sot-segizinshi-adamdy-qamauga-aldy-43195956.html
Ресейдегі теракт: сот сегізінші адамды қамауға алды
Ресейдегі теракт: сот сегізінші адамды қамауға алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Мәскеудегі Басман соты "Крокустағы" теракт бойынша сегізінші адамды қамауға алуға шешім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости. 26.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-26T15:51+0500
2024-03-26T15:51+0500
2024-03-26T16:22+0500
мәскеу
теракт
https://sputnik.kz/img/07e8/03/17/43156408_0:0:1191:671_1920x0_80_0_0_9a070f22382d812fd391fa1aa000fd40.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Мәскеудегі Басман соты "Крокустағы" теракт бойынша сегізінші адамды қамауға алуға шешім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.Тергеушілер Алишер Касимовты қамауға алуға өтініш берген. Сот бұл өтінішті қолдады. Күдікті 22 мамырға дейін қамауға алынды. Оған дейін тергеу шаралары атқарылады.Сотта Касимов пәтерді "Авито" арқылы жалға бергенін мәлімдеді. Бірақ болашақ террористерге тұратынын білмеді.Мәліметтерге сәйкес, Касимов Қырғызстанда туған. Ресей азаматтығын алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, дәмхана ашқан. Сол жерде өзі де істейді. Красногорсктың жанындағы Путилково ауылында тұрады. Орта білімі бар. Үш баланың әкесі.Бұған дейін Басман соты 62 жастағы Исроил Исломовты және оның екі ұлы – Диловар мен Аминчонды екі айға қамауға алуға шешім шығарған. Диловар Renault көлігінің соңғы иесі болған. Айтуынша, оны ақпан айында сатып жіберген. Бірақ сақтандыру полисі өз атында қалды. Дәл осы көлікпен лаңкестер оқиға орнынан қашып кеткен.Тергеу комитетінің мәліметіне сәйкес, теракт жасағандардың бірі – Шамсидин Фаридуни қаңтар айында қылмыстық топқа Аминчон Исломовты, ал наурызда Диловарды тартқан.Диловар Исломов Душанбеде туған. Бірақ қазіргі кезде Ресей азаматтығы бар. Үйленген, үш айлық баласы бар. Таксиші болып істеген. 33 жастағы ағасы Аминчон Исломов - автобус жүргізушісі. Екі рет үйленген, жеті баласы бар. Ал екеуінің әкесі Исроил Исломов жұмыссыз, Ресейде тұруға ықтиярхаты бар. Тверь қаласында тұрды. Бес баланың әкесі.Айта кетері, 25 наурызда "Крокус сити холлдағы" терактіге қатысы бар деген күдікпен ұсталған төрт адам - Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализод, Шамсидин Фаридуни мен Мухаммадсобир Файзов екі айға қамауға алынды. Осылайша, бүгінде 8 адам қамауға алынып отыр.
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/17/43156408_0:0:937:703_1920x0_80_0_0_ef72980d6f511c981ff4dc0a5a8496be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу, теракт
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Мәскеудегі Басман соты "Крокустағы" теракт бойынша сегізінші адамды қамауға алуға шешім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.
Тергеушілер Алишер Касимовты қамауға алуға өтініш берген. Сот бұл өтінішті қолдады. Күдікті 22 мамырға дейін қамауға алынды. Оған дейін тергеу шаралары атқарылады.
Сотта Касимов пәтерді "Авито" арқылы жалға бергенін мәлімдеді. Бірақ болашақ террористерге тұратынын білмеді.
Мәліметтерге сәйкес, Касимов Қырғызстанда туған. Ресей азаматтығын алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, дәмхана ашқан. Сол жерде өзі де істейді. Красногорсктың жанындағы Путилково ауылында тұрады. Орта білімі бар. Үш баланың әкесі.
Бұған дейін Басман соты 62 жастағы Исроил Исломовты және оның екі ұлы – Диловар мен Аминчонды екі айға қамауға алуға шешім шығарған. Диловар Renault көлігінің соңғы иесі болған. Айтуынша, оны ақпан айында сатып жіберген. Бірақ сақтандыру полисі өз атында қалды. Дәл осы көлікпен лаңкестер оқиға орнынан қашып кеткен.
Тергеу комитетінің мәліметіне сәйкес, теракт жасағандардың бірі – Шамсидин Фаридуни қаңтар айында қылмыстық топқа Аминчон Исломовты, ал наурызда Диловарды тартқан.
Диловар Исломов Душанбеде туған. Бірақ қазіргі кезде Ресей азаматтығы бар. Үйленген, үш айлық баласы бар. Таксиші болып істеген. 33 жастағы ағасы Аминчон Исломов - автобус жүргізушісі. Екі рет үйленген, жеті баласы бар. Ал екеуінің әкесі Исроил Исломов жұмыссыз, Ресейде тұруға ықтиярхаты бар. Тверь қаласында тұрды. Бес баланың әкесі.
Айта кетері, 25 наурызда "Крокус сити холлдағы" терактіге қатысы бар деген күдікпен ұсталған төрт адам - Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализод, Шамсидин Фаридуни мен Мухаммадсобир Файзов екі айға қамауға алынды. Осылайша, бүгінде 8 адам қамауға алынып отыр.