https://sputnik.kz/20240328/soltustik-qazaqstanda-33-mlrd-tengege-memlekettik-satyp-alu-zansyz-uyymdastyrylgan-43261602.html
Солтүстік Қазақстанда 3,3 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу заңсыз ұйымдастырылған
Солтүстік Қазақстанда 3,3 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу заңсыз ұйымдастырылған
Sputnik Қазақстан
17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6-уы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін айыпталды 28.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-28T21:25+0500
2024-03-28T21:25+0500
2024-03-28T21:25+0500
мемлекеттік сатып алулар
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_0:0:3243:1825_1920x0_80_0_0_b50e7a6832e1d3dcec2e1106ec5a02e8.jpg
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 11 сатып алу конкурсы заңсыз ұйымдастырылған, деп хабарлады облыстық прокуратура.Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында прокурорлар 3,3 млрд теңгеге 11 заңсыз конкурсты жойды.17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6-уы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін айыпталды. 6 мемлекеттік қызметкердің 3-уі жұмыстан босатылып, 3-уі қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.Ал Тимирязев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы балалар спорт алаңын салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін 19,9 млн теңге сомасында ақы төлеген."Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі іс жүзінде жасалмаған алаң аумағын тегістеу, жоспарлау және дайындау жұмыстарына 1,3 миллион теңге төлеген", - дейді прокуратура.
https://sputnik.kz/20240212/premer-ministr-memlekettik-satyp-alular-rasimin-zhenildetudi-tapsyrdy-42241205.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_455:0:2932:1858_1920x0_80_0_0_985300797000e90b473f6598114de25c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік сатып алулар
Солтүстік Қазақстанда 3,3 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу заңсыз ұйымдастырылған
17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6-уы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін айыпталды
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 11 сатып алу конкурсы заңсыз ұйымдастырылған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында прокурорлар 3,3 млрд теңгеге 11 заңсыз конкурсты жойды.
17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6-уы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін айыпталды. 6 мемлекеттік қызметкердің 3-уі жұмыстан босатылып, 3-уі қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.
"Мысалы, Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұзып, орындалмаған жұмыс актілеріне қол қойған. Жеткізушіге жасалмаған жұмыс үшін 6,7 млн теңге төлем жасаған", - дейді ведомство.
Ал Тимирязев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы балалар спорт алаңын салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін 19,9 млн теңге сомасында ақы төлеген.
"Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі іс жүзінде жасалмаған алаң аумағын тегістеу, жоспарлау және дайындау жұмыстарына 1,3 миллион теңге төлеген", - дейді прокуратура.