https://sputnik.kz/20240212/premer-ministr-memlekettik-satyp-alular-rasimin-zhenildetudi-tapsyrdy-42241205.html
Премьер-министр мемлекеттік сатып алулар рәсімін жеңілдетуді тапсырды
Премьер-министр мемлекеттік сатып алулар рәсімін жеңілдетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Конкурстарға шағымдану рәсімінің төңірегінде тұтас астыртын бизнестер пайда болған 12.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-12T17:27+0500
2024-02-12T17:27+0500
2024-02-12T17:27+0500
мемлекеттік сатып алулар
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0c/42240063_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_da6353e7a43b6010168c2091ad8e68d0.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.Үкімет басшысы қолданыстағы рәсімдер көбінесе мемлекеттік сатып алулар үдерісінің әдейі кешіктірілуіне әкеліп соқтыратынын, оның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайтынын атап өтті.Бұл ретте ол тиісті ынталандыру тетіктері арқылы сатып алулардағы отандық тауарлардың үлесін едәуір арттыру қажеттігіне тоқталды. Бұл – республикада әлі жолға қойылмаған жаңа өндірістерді қолдауға да қатысты мәселе.Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде сарапшылармен және бизнес-қоғамдастықпен бірге қажетті шараларды пысықтауды, оларды парламент қарауындағы заңнамалық түзетулерге енгізуді тапсырды.Талқылау барысында "Атамекен" ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов аталған тәсілдерді қолдап, оларды іске асыру үшін министрліктермен бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.Сондай-ақ жиында QazTech мемлекеттік басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу және тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері қаралды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0c/42240063_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_f398ae052048778d4140e6bc54d280bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік сатып алулар, олжас бектенов
мемлекеттік сатып алулар, олжас бектенов
Премьер-министр мемлекеттік сатып алулар рәсімін жеңілдетуді тапсырды
Конкурстарға шағымдану рәсімінің төңірегінде тұтас астыртын бизнестер пайда болған
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы қолданыстағы рәсімдер көбінесе мемлекеттік сатып алулар үдерісінің әдейі кешіктірілуіне әкеліп соқтыратынын, оның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайтынын атап өтті.
"Мұндай жағдайда пәрменді түрде алға жылжу керек, өйткені қазіргі сатып алу жүйесі бәрін тежеп отыр. Конкурстарға шағымдану рәсімінің төңірегінде тұтас астыртын бизнестер пайда болды. Кейіннен бұл мәселеге қайта айналып соқпас үшін біз жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек", — деді Олжас Бектенов үкіметтегі кеңесте.
Бұл ретте ол тиісті ынталандыру тетіктері арқылы сатып алулардағы отандық тауарлардың үлесін едәуір арттыру қажеттігіне тоқталды. Бұл – республикада әлі жолға қойылмаған жаңа өндірістерді қолдауға да қатысты мәселе.
Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде сарапшылармен және бизнес-қоғамдастықпен бірге қажетті шараларды пысықтауды, оларды парламент қарауындағы заңнамалық түзетулерге енгізуді тапсырды.
Талқылау барысында "Атамекен" ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов аталған тәсілдерді қолдап, оларды іске асыру үшін министрліктермен бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.
Сондай-ақ жиында QazTech мемлекеттік басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу және тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері қаралды.