https://sputnik.kz/20240326/sharualarga-dizel-buryngy-bagamen-satylady-43187579.html
Диқандарға дизель бұрынғы бағамен сатылады
Диқандарға дизель бұрынғы бағамен сатылады
Sputnik Қазақстан
Жыл басында 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілген болатын 26.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-26T10:54+0500
2024-03-26T10:54+0500
2024-03-26T11:33+0500
дизель отыны
https://sputnik.kz/img/834/25/8342509_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_e0766e10274f0fdc6bb1ab6f2155a6cc.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемгі егіс жұмыстарына арналған жанар-жағармайдың бағасы өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жыл басында 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілген болатын. Ал бағасы 2023 жылдың деңгейінде – бір литріне 250 теңге болып қалды. Бұл бөлшек саудадан 15%-ға немесе 45 теңгеге төмен.Егіс науқаны кезінде дизель отынының қозғалысын бақылау мақсатында бірқатар шара қабылданды. Олар:Министрдің айтуынша, ақпан-наурыз айларында 50,1 мың тоннаның 27 мың тоннасы жөнелтілді."Ауыл шаруашылығы министрлігіне 35,8 мың тонна дизель отынын қосымша жеткізуге өтінім жолданды. Іріктеу фактісінің 55%-дан аспайтынын және 2023 жылғы күзгі дала жұмыстары қалдықтарын ескере отырып, біз ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп дизель отынын тиеп-жөнелтудің оңтайлы кестесін айқындаймыз",— деді Сәтқалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
https://sputnik.kz/20240213/qazaqstan-benzin-men-dizel-otynyn-eksporttauga-salyngan-tyyymdy-uzartady-42261977.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/834/25/8342509_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_a6ba18014ebb27b99f8212783d7162bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дизель отыны
Диқандарға дизель бұрынғы бағамен сатылады
10:54 26.03.2024 (жаңартылды: 11:33 26.03.2024) Жыл басында 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілген болатын
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемгі егіс жұмыстарына арналған жанар-жағармайдың бағасы өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жыл басында 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілген болатын. Ал бағасы 2023 жылдың деңгейінде – бір литріне 250 теңге болып қалды. Бұл бөлшек саудадан 15%-ға немесе 45 теңгеге төмен.
Егіс науқаны кезінде дизель отынының қозғалысын бақылау мақсатында бірқатар шара қабылданды. Олар:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алу;
дизель отынын сары, көк және қызыл түске бояу;
дизель отыны үшін жеке виртуалды қойма құру.
Министрдің айтуынша, ақпан-наурыз айларында 50,1 мың тоннаның 27 мың тоннасы жөнелтілді.
"Ауыл шаруашылығы министрлігіне 35,8 мың тонна дизель отынын қосымша жеткізуге өтінім жолданды. Іріктеу фактісінің 55%-дан аспайтынын және 2023 жылғы күзгі дала жұмыстары қалдықтарын ескере отырып, біз ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп дизель отынын тиеп-жөнелтудің оңтайлы кестесін айқындаймыз",— деді Сәтқалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.