https://sputnik.kz/20240213/qazaqstan-benzin-men-dizel-otynyn-eksporttauga-salyngan-tyyymdy-uzartady-42261977.html
Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды ұзартады
Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды ұзартады
Sputnik Қазақстан
Бұл тыйым тағы алты ай бойы күшінде болады 13.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-13T18:25+0500
2024-02-13T18:25+0500
2024-02-13T18:25+0500
бензин
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40631631_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_45ddc5fdcf7f5e3f8aed86b69a59389f.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қазақстан бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салуды алты айға ұзартты. Бұл шешім Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Сонымен қатар "Жайсаң" (Ақтөбе облысы), "Ақсу" (Қостанай облысы) және "Ауыл" (Абай облысы) теміржол бекеттері арқылы қара металл сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салынды."Бұл шешім отандық өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесіндегі шикізат тапшылығына және көршілес елдердің металл сынықтарын экспорттауға шектеу шараларын қолдануына байланысты қалыптасқан жағдай аясында қабылданды", - делінген хабарламада.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша 2023 жылы қара металл сынықтарын жинаудың жалпы көлемі шамамен 1,9 миллион тоннаны құрады, бірақ ішкі нарықтағы жалпы сұраныс 3,9 миллион тоннаны құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40631631_157:0:2888:2048_1920x0_80_0_0_e35f3d93130fd39faa829cb03d0c1674.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин, мұнай
Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды ұзартады
Бұл тыйым тағы алты ай бойы күшінде болады
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Қазақстан бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салуды алты айға ұзартты. Бұл шешім Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Бұл шара елдің энергетика саласындағы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар "Жайсаң" (Ақтөбе облысы), "Ақсу" (Қостанай облысы) және "Ауыл" (Абай облысы) теміржол бекеттері арқылы қара металл сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салынды.
"Бұл шешім отандық өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесіндегі шикізат тапшылығына және көршілес елдердің металл сынықтарын экспорттауға шектеу шараларын қолдануына байланысты қалыптасқан жағдай аясында қабылданды", - делінген хабарламада.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша 2023 жылы қара металл сынықтарын жинаудың жалпы көлемі шамамен 1,9 миллион тоннаны құрады, бірақ ішкі нарықтағы жалпы сұраныс 3,9 миллион тоннаны құрады.