Астана әкімдігі сапасыз жолды өз ақшасына жөндейтін компанияларды жариялады

© Sputnik/Ертай СарбасовРемонт дорог в Алматы фотолента
Ремонт дорог в Алматы фотолента - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2024
Жазылу
Биыл қар ерігеннен кейін 2021-2022 жылдары жөнделген бірнеше көшеде сапасыз жұмыс жасалғаны анықталды
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Астана әкімдігі сапасыз жолды өз ақшасына жөндейтін компаниялардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін әкім Жеңіс Қасымбек қаланы аралып, нашар жөнделген жолдарды тапты. Биыл қар ерігеннен кейін 2021-2022 жылдары жөнделген бірнеше көшеде сапасыз жұмыс жасалғаны анықталды. Бүгін әкімдік соның бәрін өз есебінен қайта жасайтын мердігерлерді атады.
Олар:
Жетіген көшесі (А. Пушкин көшесінен Ж. Досмұхамедұлы көшесіне дейін) - "Сотис групп" ЖШС;
Иманов көшесі (А. Янушкевич көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін) - "Айя Сервис" ЖШС;
Алаш тас жолы (жол өтпесінен Жолымбет көшесіне дейін) - "Айя Сервис" ЖШС;
Мәңгілік Ел даңғылы (М1 көпірінен Бұқар жырау көшесіне дейін) - "Компания Энергодор" ЖШС;
Қабанбай батыр даңғылы (Сарайшық көшесінен Қорғалжын тас жолына дейін) - "Сотис групп" ЖШС;
Жеңіс даңғылы (Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін) - "Сотис групп" ЖШС;
·Қошқарбаев даңғылы (Қордай көшесінен М. Төлебаев көшесіне дейін) - "Сотис групп" ЖШС;
Еңлік Кебек көшесі (Сұлтан Бейбарыс көшесінен Болашақ көшесіне дейін) - "РЕКМА КЗ" ЖШС;
Барлық жұмыстар жоспарлы түрде және қолайлы ауа райы болғанда атқарылады.
Сонымен қатар биыл ұзындығы шамамен 60 км болатын 50-ден астам көшені жөндеу жоспарланып отыр. Осыған байланысты әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде түсіністік пен шыдамдылық танытуды өтінді.
"Учаскелердің жабылуынан туындаған уақытша қолайсыздықтар ұзаққа созылмайды, бірақ жолдардың жағдайын жақсартады және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - дейді мамандар.
Жаңалықтар
0