https://sputnik.kz/20240325/astana-akimi-nashar-zhondelgen-zholdardy-tapty-43180152.html
Астана әкімі нашар жөнделген жолдарды тапты
Астана әкімі нашар жөнделген жолдарды тапты
Sputnik Қазақстан
Жоспар бойынша жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 50-ден астам көше жөнделеді 25.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-25T11:50+0500
2024-03-25T11:50+0500
2024-03-25T11:50+0500
астана
жол
https://sputnik.kz/img/194/34/1943423_0:318:3076:2048_1920x0_80_0_0_085ac0d863fab1ed21126398243b71ee.jpg
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Астананың әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы аралап, көктемде нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастағанын байқады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қала басшысы барлық ауданға барып, биылға арналған жоспарларды белгіледі. Оның айтуынша, жол жөндеу жұмыстары ертерек басталады. Жоспар бойынша жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 50-ден астам көше жөнделеді.Оның айтуынша, ең алдымен көлік көп жүретін және жаңа әлеуметтік нысандар салынған жерлерде, сонымен қатар елді мекендерде жолдар жөнделеді және жаңадан салынады. Ал құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан жерде тұрғын үйлер тапсырылғаннан кейін ғана жолдар салынады. Бірақ оған дейін жауапты басқарма уақытша төсеммен қамтамасыз етуі керек.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/194/34/1943423_345:0:3076:2048_1920x0_80_0_0_becbbf6638d7108978a1eb1b9dc7caa4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жол
Астана әкімі нашар жөнделген жолдарды тапты
Жоспар бойынша жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 50-ден астам көше жөнделеді
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Астананың әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы аралап, көктемде нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастағанын байқады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қала басшысы барлық ауданға барып, биылға арналған жоспарларды белгіледі. Оның айтуынша, жол жөндеу жұмыстары ертерек басталады. Жоспар бойынша жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 50-ден астам көше жөнделеді.
"Қыс мезгілінен кейін нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастады. Жауапты басқарма жол жұмысшылармен бірге жөнделетін көшелердің ұзаққа шыдауын қамтамасыз етуі керек. Жұмыс мінсіз, лайықты күйде және сын көтеретін деңгейде орындалуы керек", - дейді Қасымбек.
Оның айтуынша, ең алдымен көлік көп жүретін және жаңа әлеуметтік нысандар салынған жерлерде, сонымен қатар елді мекендерде жолдар жөнделеді және жаңадан салынады. Ал құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан жерде тұрғын үйлер тапсырылғаннан кейін ғана жолдар салынады. Бірақ оған дейін жауапты басқарма уақытша төсеммен қамтамасыз етуі керек.