Тарихи жетістік: Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға барады

© Photo : olympic.kzСемсерлесуден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға барады
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға барады - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Жазылу
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тұңғыш рет командалық сында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстанның семсерлесуден ерлер командасы алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құраммен баратын болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстаның семсершілері тарихи жолдаманы Тбилиси қаласында өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде жеңіп алды. Бұл бәсекеде Қазақстанның басты қарсыласы Оңтүстік Корея болған. Бірақ осы елдің спортшылары 1/8 финалда Чехия құрамасына жол беріп қойды. Оған қоса, Әлем кубогына дейін Оңтүстік Корея Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып келген.
Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Парижге Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов барады. Олар командалық сында бір және жекелей сында үш жолдама алды.
Айта кетері, Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша алғашқы төрт орында тұрған команда Олимпиадаға тікелей жолдама алады. Жапония сол төрттікке енді. Ал Азиядағы жалғыз лицензияға Қазақстан мен Оңтүстік Корея таласқан.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Қазақстанның Олимпиада чемпионы АҚШ-та қайтыс болды – себебі белгілі болды
Жаңалықтар
0