Қазақстанның Олимпиада чемпионы АҚШ-та қайтыс болды – себебі белгілі болды

© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаҚазақстан Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Жазылу
Қазақстан консулы қайтыс болған жерлесіміздің туыстарымен байланысқа шығып, мәйітті елге жеткізу шараларын ұйымдастыруға кірісті
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. АҚШ-та жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбек қайтыс болды. Сыртқы істер министрлігі жазатайым оқиғаның себебін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы бас консулдыққа Филадельфия қаласында Қазақстан азаматының қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен.
"Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфия қаласының (Пенсильвания штаты) мәйітханасына жеткізілді. Филадельфия қаласының сот-медициналық кеңсесінің мәліметі бойынша өлім жүректің тоқтап қалуынан болған", - деді Смадияров.
Қазақстан консулы қайтыс болған жерлесіміздің туыстарымен байланысқа шығып, мәйітті Қазақстанға жеткізу шараларын ұйымдастыруға кірісті.
Мұхамбет Қуатбек 2017 жылы кәсіби спорттан кетіп қалған. Кейінгі жылдары АҚШ-та жұмыс істеп жүрген.
Виды Нур-Султана зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда 18-қабаттан құлап қайтыс болды
Жаңалықтар
0