Ресейдегі теракт: ШЫҰ Бас хатшысы мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба Секретариата ШОСВ Секретариате ШОС в Пекине были приспущены флаги государств-членов ШОС в знак траура и скорби по жертвам трагического события в "Крокус сити холле"
В Секретариате ШОС в Пекине были приспущены флаги государств-членов ШОС в знак траура и скорби по жертвам трагического события в Крокус сити холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Жазылу
ШЫҰ-ның штаб-пәтерінде бүгін Ресей халқының қайғысына ортақтастық ретінде ұйымға мүше елдердің тулары түсірілді
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Шанхан ынтымақтастық ұйымның бас хатшысы Чжан Мин Ресейдегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұйым басшысы Мәскеу облысындағы Красногорск қаласында болған террористік әрекетті айыптап, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ көптеген адамның қаза болғанына қайғыратынын жеткізді. Құрбандардың арасында балалар да бар.
"Біз жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Шанхай ынтымақтастық ұйымы терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы. Халықаралық терроризммен ымырасыз күрес - ШЫҰ-ның басты басымдықтарының бірі. Ұйым әлемдік қауымдастықпен бірге осы бағытта бар күш-жігерін сала беретін болады", - делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа көңіл айту жедел хатын жолдаған.
"Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы және мен өзім 22 наурызда Мәскеу облысындағы жауыз террористік әрекет туралы хабарды ауыр қабылдадық. Біз осы қайғылы және ауыр уақытта Ресей халқымен біргеміз. Барлық ресейлікпен бірге қаза болғандар үшін аза тұтып, олардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген Бас хатшының хатында.
Бүгін Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Теракт в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Мәскеудегі теракт: 15 жастағы Ислам жүзден астам адамды құтқарды - видео
Жаңалықтар
0