Мәскеудегі теракт: 15 жастағы Ислам жүзден астам адамды құтқарды - видео

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуТеракт в "Крокус Сити Холле"
Теракт в Крокус Сити Холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. 15 жастағы Ислам Халилов Мәскеудегі теракт кезінде жүздеген адамды қалай құтқарғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Исламның ұлты – қырғыз. Бірақ Ресейде дүниеге келген. Ал ата-анасы Қырғызстаннан келген. 15 жастағы оқушы "Крокус" концерттік залының киім ілетін жерінде жұмыс істеген. Ал теракт кезінде жүзден астам адамды қауіпсіз жерге алып шықты.
"Бірінші қабатта айқай-шу естілгенде қызметкерлер эскалатор сынып қалды деп ойлап қалды. Бірақ артынан адамдар жүгіріп шығып, айқайлай бастады. Мен жай тұра берсем, бәріміз опат боламыз деп ойладым. Басында сәл қорқыныш болды. Халықтың ортасына кіріп кеткенде террористер граната лақтырады немесе оқ атуы мүмкін деген ой да келді. Дегенмен есікті ашып үлгердім, сол арқылы бәріміз шығып кеттік", - дейді жасөспірім.
Ислам концерттік ғимараттың барлық кіретін және шығатын есіктерін біледі. Атыс басталғанда бірден жүздеген адамды далаға алып шықты.
Ал жасөспірімнің анасы ұлы қатты уайымдағанын айтып отыр. Ислам үйге аман-есен оралса да, қатты жылаған.
"Мен құдайға мың шүкіршілік айттым. Балам аман-есен үйге оралды. Артынан өзіме келдім. Ал Ислам шокта болды, дірілдеп тұрды. Әрине, біз онымен мақтанамыз", — дейді ол.
22 наурызда кешкі уақытта Мәскеудегі "Крокус" орталығына қарулы шабуыл жасалды. Автомат ұстаған террористер жолда кездескеннің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінде атыс қаруы болмаған және еш қарсылық көрсете алмаған.
Соңғы мәліметтер бойынша теракт салдарынан 133 адам қаза тауып, 152 адам зардап шекті.
11 адам ұсталды, олардың ішінде 4 террорист "Крокустағы" терактіге тікелей қатысқан.
Жаңалықтар
0