ҰҚК Алматыда заңсыз миграцияны ұйымдастырғандарды ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Жазылу
Төрт шетелдік қамауға алынды, бірақ тергеу барысында олар заңсыз арнаның бір бөлігі ғана екені белгілі болды 

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. "Алматы" шекаралық бақылау басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп және прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз миграция арнасының қызметін тоқтатты, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

Құқық қорғау органының мәліметінше, ауған азаматтары Қазақстан аумағы арқылы Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз жіберілген. 

"Ауғанстанның төрт азаматы лауазымды қызметкерге 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған кезде қылмыс үстінде ұсталды", - делінген хабарламада. 

Тергеу бұл ақшаның Испания мен Португалия елдерінің жалған төлқұжаттарын пайдаланып шетелдіктерді Алматы халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналғанын анықтады. 

Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі мен 367-бабында (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру) көзделген қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Бұл баппен мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір әрекеттермен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырмадан отыз еселенген мөлшерінде айыппұл салуды немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. 

Сот санкциясымен ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
КНБ начал масштабную операцию в нескольких регионах - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2024
ҰҚК шекарада 2,5 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады
Жаңалықтар
0