https://sputnik.kz/20240301/uqk-shekarada-25-mynnan-astam-zan-buzushyny-ustady-42608076.html
ҰҚК шекарада 2,5 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады
ҰҚК шекарада 2,5 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады
Sputnik Қазақстан
Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр 01.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-01T13:43+0500
2024-03-01T13:43+0500
2024-03-01T13:43+0500
ұлттық қауіпсіздік комитеті
шекара
шекара бекеті
https://sputnik.kz/img/07e8/02/11/42348541_0:1:1278:720_1920x0_80_0_0_0d6021f0dd63e5dbe96cce93b502c8b0.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі ақпан айында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 2,5 мың адамды ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.Ведомствоның хабарлауынша, ақпан айында шекара қызметі құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып 2 559 заңнамаларын бұзушыны ұстады. Соның ішінде шекараны кесіп өтпек болғаны үшін ұсталған 24 шетел азаматы бар.17 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.ҰҚК мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз алып өту фактілерінің алдын алды. Оның ішінде:Сондай-ақ ҰҚК Каспий акваториясында 18 браконьерлік фактінің алдын алды:Бұл фактілер бойынша материалдар заңнаманы бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/11/42348541_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_96c5f1409d9f3bcf015b5df7b45cb32a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік комитеті, шекара, шекара бекеті
ұлттық қауіпсіздік комитеті, шекара, шекара бекеті
ҰҚК шекарада 2,5 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады
Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі ақпан айында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 2,5 мың адамды ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, ақпан айында шекара қызметі құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып 2 559 заңнамаларын бұзушыны ұстады. Соның ішінде шекараны кесіп өтпек болғаны үшін ұсталған 24 шетел азаматы бар.
17 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
ҰҚК мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз алып өту фактілерінің алдын алды. Оның ішінде:
54 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 келіден жоғары;
20 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана ату және 140 дана суық қару, 32 дана оқ-дәрі);
63 факті – діни әдебиет (3 078 дана);
330 факті – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай (38 101 литр);
халықтық тұтыну тауарлары – 429 факті, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам;
шетел валютасы – 100 факті, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам.
Сондай-ақ ҰҚК Каспий акваториясында 18 браконьерлік фактінің алдын алды:
9,5 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;
109 дана (454 келі) бекіре тұқымдас балық;
39 дана (93 келі) таза тұқымдас балықтар тәркіленді.
Алдын алған залал көлемі – 173,5 млн теңге.
Бұл фактілер бойынша материалдар заңнаманы бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
"Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген ҰҚК хабарламасында.