https://sputnik.kz/20240320/samat-abish-8-zhylga-shartty-turde-sottaldy-43037896.html
Назарбаевтың немере інісі 8 жылға шартты түрде сотталды
Назарбаевтың немере інісі 8 жылға шартты түрде сотталды
Sputnik Қазақстан
Самат Әбіш 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды 20.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-20T12:42+0500
2024-03-20T12:42+0500
2024-03-20T12:50+0500
самат әбіш
https://sputnik.kz/img/274/18/2741802_0:0:1501:844_1920x0_80_0_0_708ae0ecffbb3f053ed82863b9b370e5.jpg
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты. Сот отырыстары жабық форматта өтті. Сотта прокурор Самат Әбішті белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген. Сот сотталушының жас балаларының болуын және оның шын жүректен өкінетіндігін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныған. Ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Сондай-ақ Самат Әбіштің Қылмыстық кодекстің 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот оны арнаулы атағынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.
https://sputnik.kz/20240320/samat-abish-shartty-turde-sottaldy---ishki-ister-ministri-qanday-shara-qolga-alynganyn-aytty-43030257.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/274/18/2741802_68:0:1403:1001_1920x0_80_0_0_3ae9c7041176083cbef31980dddfa88c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
самат әбіш
Назарбаевтың немере інісі 8 жылға шартты түрде сотталды
12:42 20.03.2024 (жаңартылды: 12:50 20.03.2024) Самат Әбіш 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Сот отырыстары жабық форматта өтті. Сотта прокурор Самат Әбішті белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген.
"Сот үкімімен Самат Әбіш Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан және 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Сот сотталушының жас балаларының болуын және оның шын жүректен өкінетіндігін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныған. Ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Сондай-ақ Самат Әбіштің Қылмыстық кодекстің 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот оны арнаулы атағынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.