Қоғам

Мәжіліс дін саласын реттеу мәселесін қарайды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Жазылу
Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге шешім қабылданды
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов президенттің ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінен кейін дін саласын реттеу мәселесі қайта қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Спикердің айтуынша, президенттің көтерген келелі мәселелері мен сөйлеген сөзін бағдарламалық құжат ретінде қабылдауға болады. Сондықтан лудомания, вандализм, есірткі саудасы, археология, мемлекеттік рәміздер және тағы басқа проблемалар бойынша нақты шаралар қолға алынады.
"Дін мәселесі де аса өзекті. Осы саланы реттеудің құқықтық негізін дәстүрлі әдет-ғұрпымыз бен құндылықтарымызға, зайырлы мемлекет қағидаттарына сүйене отырып, қайта қарауымыз қажет", - деді Қошанов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге шешім қабылданды.
Айта кетері, Атырауда өткен құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев ұмшаланып жүретін адамдарға қатысты ойын ашық айтты.
Президент халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмағанын, ал радикалды неофиттар халқымыздың салтында жоқ киім үлгілері арқылы да жат діни идеалдарды қоғамға таңуға тырысып жүргенін ерекше атап өтті.
"Бұл біздің дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасалып жатқан ашық шабуыл екені анық", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бабаларымыздың сан мыңжылдық діни ілімі мен рухани бағдарынан ауытқымау керек.
Жаңалықтар
0